Қаланың қуаты – көркінде. Алматылықтар қаланы көгалдандыруға белсенді атсалысып жатыр

Өңірлерді дамытудың бір бағыты - көгалдандыру жұмыстары.

  • 28.10.2022

 

Кез келген қаланың дамуы үшін оның экологиялық аһуалы қашан да негізгі мәселелердің бірі. Дамыған елдер туралы айтқанда, оның үлкен қалаларының жасыл желекке оранғаны, ауасының таза екені жайлы тамсанып көп айтамыз. Қазақстандағы ең үлкен мегаполис – Алматы қаласы туралы айтқанда да осы көрсеткіш басты планға шығуға тиіс.

Қазіргі уақытта Алматы қаласын жасыл желекке айналдыру мәселесі жиі айтылып жүр. Қала әкімі Ерболат Досаев та бұл жайлы аудан тұрғындарымен кездесу кезінде көп айтады. Тұрғындар тарапынан да көп қозғалатын бұл мәселені шешу қазіргі қаланы дамыту бағдарламасында негізгі кезекте тұр. Алматы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы қала аумағын көгалдандыру жобасын қолға алып, біраз шаруаларды іске асырып жатыр. Бұл үлкен жобаға сәйкес қаладағы көпжылдық өсімдіктер үлесін 17%-дан 60%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр екен.

Қаланы көгалдандыру жұмыстары жыл бойы жүреді. Қыста негізінен дайындық, жоспарлау жұмыстары жүргізілсе, көктемнің сәуір-мамыр айларында – көшет отырғызу; маусым-қыркүйек аралығында күтіп-баптау жұмыстары іске асады. Ал, қазан айында жуалылар тұқымдасын егу, отырғызу жұмыстары қолға алынады.

Басқарма ұсынған мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта Алматыдағы көпжылдық өсімдіктердің жалпы көлемі 50 пайыздан асқан. Яғни, қаланың өкркін кіргізіп, ауасын тазалап, экологиялық аһуалын реттейтін өсімдіктердің көпшілігі көпжылдық өсімдіктер арқылы жүреді деген сөз. Қазіргі жағдайға сәйкес, қала көгалының 74,3 мың шаршы метрі көпжылдық өсімдіктерден тұрады. Мұның құрамына раушан (4,6 мың ш/м), эхинацея (7,2 мың ш/м), лилейник 4 мың ш/м), лаванда (7,5 мың ш/м), шалфей (3,6 мың ш/м), мискантус (5,2 мың ш/м), гортензия (3,5 мың ш/м), т.б. кіреді.

Жалпы, 2022 жылы жалпы көлемі 159 мың шаршы метр гүлмен безендірілген және  26 мың шаршы метр газон егіліпті. Бұл көлемнің ішіне алдыңғы жылдары отырғызылған көпжылдық өсімдіктердің күтімі де кіретінін ескерсек, бұл тараптағы жұмыстардың ауқымын аңғара беруге болады.

Қаланың көркі мен таза ауасы мегаполистің экономикалық дамуына да ықпал ететіні анық. Оның себебі – қазіргі уақытта инвестиция тарту мәселесі қолға мықтап алынып жатқаны. Қазақстанның ең үлкен экономикалық орталығы ретінде Алматыға шетелдік және отандық инвесторлар көптеп көз тігіп отыр. Бұл мәселеде, қала экологиясы – осы қалада бизнесін дамытып, қала тіршілігін жандандыла түсем деген инвесторлар үшін ең бірінші назар аударатын жағдай. Және адам көбейген сайын, өндіріс орындары саны өскен сайын, қала экологиясына қосымша күш аз түспейді. Сол себепті, қаланы көгалдандыру ешқашан назардан тыс қалмауы керек.

Осы мақсатта, экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы жүргізіп жатқан «Жасыл аула» дәстүрлі акциясының да маңызы арта түсті. Басқарма биылғы қорытындысында, қаланы көгалдандыруға алматылықтардың да мүдделі екені байқалады. Биыл қала тұрғындарынан барлығы 200-ге жуық өтінім келіп түскен. Оның 133-і мақұлданған. Бұл өтінімдер нәтижесінде енді 1700 көшет сатып алынбақ.

Биыл көшет отырғызу бойынша Бостандық, Наурызбай және Алатау ауданының  тұрғындары аса белсенділік танытыпты. Қазір әкімдік қызметкерлері – экология және қоршаған орта басқармасының мамандары келіп түскен өтініштер негізінде жұмыстарды бастап, көшеттерді тарату жұмыстарына кірісіп кеткен.

«Жасыл аула» бағдарламасы қолға алынғалы көпқабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандырусақ деген ниеттегі алматылықтарға шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін алуға мүмкіндік беріліп жатыр. Енді бұл ағаштарды отырғызу 27 қазаннан басталды. Көшеттерді тарату жұмыстары 3 қарашаға дейін жүргізіледі. Қала тұрғындары көшетті алған соң, оны отырғызып, әкімдікке фотоотчет өткізеді. Ары қарай, әрине, оны күтіп-баптау жұмыстары тоқтамауға тиіс.

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.