Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, бірақ кінәсі дәлелденбей босатылған азаматтарға өтемақыны «залал келтірген орган төлеуге тиіс» деп санайды.

Malim Админ

  • 11.07.2023

Бүгін Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Өскемен қаласының тұрғыны Ренат Жұбақовқа 5 миллион теңге өтемақы беру жөнінде шешім шығарып, төлеуді қаржы министрлігіне жүктеген болатын.

Бірақ бұл шешімге қаржы министрлігі келіспей отыр. Ренат Жұбақов «заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған», сондықтан оған өтемақыны тікелей залал келтіруші - құқық қорғау органдары өтеп беруге тиіс деп есептейді. Өйткені әрбір мемлекеттік мекемеде қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген бірыңғай бюджеттік сыныптама болады. Сол құжатта атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау бойынша шығындар да көрсетіледі. Яғни, мемлекеттік мекеменің міндеттемелері өз иелігіндегі ақшамен жабылады. Бұның алдында да Қаңтар оқиғасы кезінде жараланған, әрі азапталып, екі көзінен айырылған 38 жастағы Ермек Әбдірешовтың өтемақы туралы талап арызына байланысты істі қарағанда прокурор өтемақы төлеуге тиіс орган ретінде қаржы министрлігін атаған. Алайда сотқа келген қаржы министрлігінің өкілі Мүнира Кәрімова «өтемақыны Әбдірешовтің денсаулығына залал келтірген ведомстводан сұрау керек» деген. Қаңтар оқиғасында зардап шеккен Ерқанат Жеңісұлына да өтемақы төленбеген.

Байланысты жаналықтар

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

05.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет

01.05.2025

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

09.04.2025

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

27.03.2025

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

25.03.2025
MalimBlocks
4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет

Қаржы министрлігі шенеуніктердің телефонмен сөйлесу әдебін жариялады

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру шаралары туралы жариялады

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады