Қостанайда қоныс тойы көбейе ме?

Malim Админ

  • 12.04.2020

Егінді ел, астықты алқап саналатын Қостанай облысы – шаруашылыққа таптырмас құнарлы жер болғанымен, осы күні тұрғыны азайып, оңтүстіктен көш қашан келеді деп күтіп отырған солтүстік облыстардың бірі. Оңтүстіктен – солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша еліне ел қосылып жатқан облыстар қатарында да Қостанайды кездестіресіз. Бір кездері тұрғыны жыл санап емес, күн санап азайып кеткен облыс тұрғынының саны көбейіп кетпесе де, тұрақтап, тек соңғы бір-екі жылда ғана бірді-екілі көбейе бастағаны белгілі. Оның үстіне, ендігі болжамдар бойынша сыртқа көшіп кетушілердің тоқтайтынын (бұл уақытқа дейін солтүстік өңірлердегі халық санының азаюының басты себебі – сыртқы көші-қон болып келген), керісінше оңтүстік өңірлерден немесе шетелден оралған қандастар есебінен арта бастайды деп болжанып жүр. 1989 жылдан бері азаюмен келген солтүстік аймақтың іргесін бекіткені кеше ғана, демек, атқарылып жатқан іс пен жасалып жатқан шаруа текке кеткен жоқ. Рас, нағыз шұрайлы жер бос қалмауы керек.

Түрлі бағдарламалар нәтижесінде халық саны аздап болса да қосыла бастаған өңірдің алдағы басты шаруасы – келген елді, бұрыннан тұрақтап қалған халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Оның үстіне, сырттан келетін ағайынға берілген басты уәде де – осы үй мәселесі. Жұмыспен қамту мәселесі. «Екі қолға бір күрек» қайдан да болса табылады дегенмен, тіршілігі әр сала бойынша қайнап жатпаған соң, алғашында қоныс аударып келген елге ұсына қояр жұмыс табылмай қалуы да ғажап емес. Осыған орай, басталып жатқан түрлі жұмыстардың алдыңғы қатарында – құрылыс жұмыстары тұратынын болжау қиын емес. Мәселе, биыл салынатын тұрғын үйдің көлемі әжептәуір. Биыл Республика бойынша  15 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады десек, соның ішінде осы Қостанай облысының да үлесі бар. 2020-2025 жылдар аралығында бұл өңірде 2,5 миллион шаршы метр көпқабатты тұрғын үй салынуға тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді.

Осы үйлердің құрылысына жауапты, қазір біраз шаруаны бастап кеткен мердігерлік ұйымдардың басшыларымен кездескен облыс басшысы Архимед Мұхамбетов 2020-2025 жылдар аралығында, бес жыл бойы салынатын құрылыс жоспарын талқылап, облыс орталығында пайда болатын шағын аудандардың жоспарымен танысты.

«Кездесу барысында облыс орталығындағы шағын аудандар құрылысының жоспары мен барысы талқыланды. Сондай-ақ, мердігерлерге коронавирус пандемиясы кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитарлық нормаларды сақтауды күшейтуді ұсындым. «Береке» шағын ауданындағы «Жұлдыз» кешенi үйлерінің құрылыс барысын қарап шықтым», - деп жазды ол.

Ол, сондай-ақ, мердігерлерге барлық жұмысты сапалы жүргізуді және уақтылы өткізуді тапасырғанын, барлық шаруа бақылауда ұсталатынын мәлімдеді.

Жалпы, өткен жыл мен биылғы жыл да Қостанай халқы үшін қоныс той тойлайтын жыл деп есептеуге болады. Қазір Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный ауылындағы «Северный» шағын ауданының құрылысы аяқталуға таяу. 37 гектар жерге279 жеке тұрғын үй салынды. Барлығы бірыңғай сәулеттік стильде салынған бұл үйлердің бір өзі – үлкен бір ауыл. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша Қостанай облысы тұрғын үймен қамтамасыз етуде республика бойынша 4 орында тұр. Былтырғы жылдан бері қарай аймақта 658 пәтер беріліпті.  Бұл пайыздық көрсеткішке шаққанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 21,8 пайызды құрайды.

Жалпы, жоғарыдағы сөзімізді сәл толықтыра кетсек, Қостанай облысының халық саны 2012-2013 жылдары ғана тұрақталып, қайта көбейе бастағанын байқауға болады. Әйтпесе, 1989 жылы 1 220 750 тұрғыны бар облыс 2013 жылы 879 941 адамға бір-ақ түскен. Одан кейін жыл сайын 500-1000 адамға өсіп келеді де, 2018 жылғы есеп бойынша Республика көлемінде 6 орынға табан тірейді. Демек, облыстағы демографиялық жағдай да тұрақтала бастады, тіпті, аздап болса да өсімге бет алды деп бағаласақ, бұл өңірде алдағы уақыттарда қоныс тойлары көп болады деп болжауға болады.

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: