Референдум – мемлекеттік мәселелерді халық болып шешуге бастайды

Malim Админ

  • 21.11.2023

Мен  Президент  ұсынған  референдум туралы шешімді қолдаймын. 1995 жылдың қараша айында Қазақстанда «Республикалық референдум туралы»  конститутциялық заң қабылданған болатын. Содан бері елімізде конститутциялық   түзетулерге қатысты халықтық референдум ұйымдастырылған жоқ. Жалпы референдум демократияның маңызды институты болып табылады. Себебі,  осындай шара кезінде мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысты халықтың пікірі ескеріледі.

Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекет, атқарылатын іс халықпен ақылдаса  отырып, жүйелі түрде жүзеге асырылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде:

«Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. 5 маусым күні азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті мен наурыз айындағы Жолдауымда саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Оның басты мақсаты – елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Сондай-ақ Үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз.

Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді.

Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз.  Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші Республиканың негізін қалаймыз», -- деген болатын.

 Ағымдағы  жылдың  5- маусымында жалпы халықтық референдум өте жоғары деңгейде өтті. Осы  референдумға мен де қатысып, өз даусымды беріп, елімнің дамуына үлесімді қостым деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде:

«Ата заңға енгізілетін түзетулер жобасы елімізде бір ай бойы қызу талқыланды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамда конституциялық реформаға қатысты пікірлер көп айтылып жатыр. Оның ережелері Президенттің артықшылықтары мен өкілеттігін күшейтуге емес, билік тармақтары арасындағы үйлесімді және тепе-теңдік жүйені нығайтуға, барлық азаматтың мүддесін, құқығы мен еркіндігін қорғауға бағытталған.

 Бүкіл халықтың Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты ерікті таңдауы Жаңа, Әділетті Қазақстанның берік іргетасын қалайды. Біз бірлесе отырып, шын мәнінде,  Жаңа Қазақстан құрамыз. Онда әлеуметтік әділдік жаңа қоғамдық келісімнің басты құндылығы және негізгі өзегі болады.

Референдум қоғамымыздың азаматтық кемелдігі мен саяси саналылығын бағалауға мүмкіндік береді. Референдумның орталық комиссиясы мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар сайлау заңнамасындағы барлық норманың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді. Дауыс беру барысын халықаралық бақылаушылар мен еліміздегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қадағалайды.

Сайлау учаскесіндегі сіздің дауысыңыз қоғамдық өмірдің әділ әрі түсінікті жаңа ережелерін айқындауда маңызды және шешуші рөл атқаруы мүмкін. Сіз сайлау учаскесіне келу арқылы халқымыздың бірлігі мен ынтымағы мығым екенін көрсетесіз. Бұрын-соңды болмаған құбылмалы геостратегиялық жағдайда және еліміздің алдында тұрған күрделі міндеттерді орындау үшін біздің бірлігіміз бекем, ынтымағымыз берік болуға тиіс. Шынайы демократия әрбір азаматтың ортақ іске белсенді әрі саналы түрде қатысуын білдіреді. Сіз жаңа түзетулерге дауыс бере отырып, жемқорлыққа, тамыр-таныстыққа, саясат пен экономикадағы монополияға батыл қарсы шығасыз, -- деді.

Мен референдумның еліміздің болашағы үшін үлкен өзгеріс әкелеріне сенемін. Айталық, депутаттар  сайлауында   біршама  өзгерістер енгізілді. Сайлау  кезінде жастар мен әйелдер үшін 30 пайыздық квота қарастыру, парламенттік   оппозиция инстутутын енгізу секілді бастамаларды толықтай  қолдаймын.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан  Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Соған байланысты, ауыл әкімдерін  елді мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында:

«Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек» деген болатын.

Бүгінде еліміздегі халықтың 40 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Әкімдер биліктің сол елді мекендердегі, ауылдардағы халықтың өкілі болып табылады. Сондықтан, Үкімет халықтың мүддесі үшін жасалынатын мұндай шараны көп ұзамай-ақ бастап кетті. Ел азаматтары жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей өздері сайлау мүмкіндігіне ие болды.

Мемлекет басшысы мәдениет саласына да көп көңіл бөледі. Орайы келгенде, өзім жұмыс істейтін мекеменің жетістіктеріне тоқтала кетсем. Атакент ауылдық  кітапханасында қазіргі таңда жалпы 26957 дана кітап қоры бар. Жылда жаңа  келген әдебиеттермен кітап қоры толықтырып отырады. Оқырман саны – 2240, келушілер саны – 16750. Кітапханада «Бір  ел –бір  кітап» акциясы аясында Төлен   Әбдіктің шығармаларын насихаттау мақсатында «Әдебиет  әлемінің  абзалы» атты тақырыпта әдеби   кеш өткізілді. Мактаарал ауданының құрылғанына 95  жыл  толуына орай «Мырза   өлке – Мақтаарал»  атты іс-шара, абайтанушы, ғалым,   филиология ғылымының доктары, профессор Мекемтас Мырзахметұлына арналған   «Түркістанның дара тұлғасы» атты саяси сағат, «Сыбайлас жемқорлықсыз   болашақ» және «Діни  экстремизмге  жол  жоқ» атты тақырыптарда іс-шара,   Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай «Бейбарыс  ізімен» тарихи   сағат өткізілді. Жазушы Мұрат Әуезовтің туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлттың дара   тұлғасы» атты тақырыпта өмірдеректеріне шолу жасалды. Ақын Мағжан   Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың ақиық ақыны» атты тақырыпта әдеби кеш, жазушы, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Кемел  Тоқаев – детектив жанрының дарабозы» атты тақырыпта әдеби кеш, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай  «Шәкәрім – ұлы тұлға» атты тақырыпта әдеби  кеш ұйымдастырылды.

«Әлемді  кітап  арқылы  танимын»  атты   облыстық  байқауда ең көп  оқитын оқырмандар балалар арасында Сәрсенбай  Ерғалым Бас  жүлдені жеңіп алды. «Ақылды балаға –сыйлыққа Ақылдым» балаларға арналған облыстық   байқауда Оразалы Аяулым 2-орынды, «Әлемді кітап арқылы танимын»  атты ең  көп оқитын оқырман арасында өткізілген  байқауда Әлайдар Бақытнұр  3-орынды  иеленді.

Ұлжан  САРИЕВА,

Мақтаарал аудандық орталық кітапханалар жүйесіне қарасты «Атакент» ауылдық  модельді  кітапхананың меңгерушісі

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!