Шымкентте Рамазан айының құрметіне игі істер атқарылуда

Айбек Ережеп

  • 13.05.2021

Шымкентте Рамазан айының құрметіне игі істер атқарылуда

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен және орталық мешітінің ұйымдастыруымен 13 сәуір күні «Рамазан қайырымдылық айы» іс-шарасы ұйымдастырылып, 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылған еді. Қасиетті айдағы қайырымдылық іс-шаралары осылай басталған болатын.

Шымкент қаласында биылғы Рамазан айына орай көптеген қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханының орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға үлестіру бастамасы жүзеге асырылды.

2021 жылғы 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында қала әкімінің «Рамазан қайырымдылық айы» атты игі іс-шараға кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, шаһардағы «Ақмешіт, «А.Қаттани», «Әл Біләл», «Нұр-төбе», «Байғұт баба», «Сайрам жәми» мешіттерінде жариялы түрде 11 180 отбасыға азық-түлік берілді.

Бұдан бөлек, қала аумағындағы мешіттерде жанашыр азаматтардың қолдауымен 21 320 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Қайырымдылық іс-шараларында мұқтаж отбасылардың діні мен ұлтына бөлмей, көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, демеуші азаматтардың, жанашыр жамағаттың атсалысуымен қаладағы 32 мешіт Рамазан айы бойы күн сайын ыстық тамақ, ауызашар себетін 42 255  тұрғынның мекенжайларына жеткізіп отырды.

Жалпы айтқанда, бір ай бойы қала аумағында демеуші азаматтардың, жанашыр жамағаттың атсалысуымен  мұқтаж және көпбалалы отбасыларға 32 500 азық-түлік, 42 255 ауызашар себеттері таратылды.

Рамазан айына байланысты ұйымдастырылған іс-шаралар толығымен қала тұрғындарына жергілікті БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарланып отырды.

Байланысты жаналықтар

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023

Зайытовтың сөзі манипуляция ма?

18.09.2023

 БҚО шенеунігінің төрт жылға бас бостандығы шектелді

15.09.2023
MalimBlocks
Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.

Зайытовтың сөзі манипуляция ма?

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың «Қазақстанда алаяқтықтардың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды» деген сөзі қоғамда қызу талқылану үстінде.

 БҚО шенеунігінің төрт жылға бас бостандығы шектелді

Өскеменнің №2 сотында БҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болған Мәди Отарбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды.