Шымкенттен Риддерге тағы да гуманитарлық көмек жөнелтілді

Айбек Ережеп

  • 19.05.2021

Шымкенттен Риддерге тағы да гуманитарлық көмек жөнелтілді

Бүгін Шымкент қалалық «Қазақстан халқы ассамблеясы» ұйымдастырған кезекті қайырымдылық іс-шарасы аясында үшінші жүк көлігі Риддер қаласына аттанды. Ассамблея жанындағы түрлі диаспора өкілдері тарапынан жасақталған материалдық көмек құны 11 млн. теңгеге бағаланды. 8 тоннадан астам жүк тиелген көлікте ұн, көкөніс пен жеміс-жидек, азық-түлік тауарлары, сусындар және шаруашылық бұйымдары мен төсек-орын жабдықтары риддерліктерге жөнелтілді.

Қайырымдылық акциясында сөз алған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қала әкімі атынан игі бастамаға алғысын білдіріп, елдің бірлігі әрдайым осындай қиын сәттерде керек екенін жеткізді.

–Ассамблея өкілдері жыл сайын дәстүрлі түрде қоғамда қайырымдылықты ілгерілетуге арналған кешенді іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Риддерде болған апаттан соң алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласының тұрғындары көмек қолын созуға ұмтылды. Шымкент қаласында «Риддер, біз біргеміз!» айдарымен зардап шеккен отбасыларға қайырымдылық көмек ұйымдастыру штабтары құрылған болатын.

Мұндай штабтар қаламыздағы «Жастар ресурстық орталығы» мен «Қоғамдық келісім» мекемелері жанынан ашылып, шығысқазақстандық азаматтарға гуманитарлық көмек көрсетуге азаматтық ұйымдар, волонтерлық қозғалыстар, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары жұмылдырылды. Олар қайырымдылық іске бір кісідей жұмылуға барша ағайынды үгіттеді. Халық төтеннен келген қайғылы оқиғаға қабырғасы қайысып, қолдан келгенше көмегін көрсетті. Енді міне, тағы бір автокөлік жасақталып, өрттен жапа шеккен азаматтардың мұқтаждығын өтемекке жолға шыққалы тұр. Бұл әлбетте, қала тұрғындарының ынтымақ-бірлігі, азаматтық ұстанымы мен бауырмалдық сезімі жоғары екендігін көрсетеді, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Аталған игі іске «Silkway» Халықаралық университеті, өзбек, корей, шешен-ингуш, ұйғыр, неміс этномәдени бірлестіктері, қалалық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі ұйытқы болды.

Айта кету керек, биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай республиканың түкпір-түкпірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыхалықтық «30 игі іс» қайырымдылық марафоны бастау алды. Риддерге жөнелтілген гуманитарлық көмек сол қайырымдылық шарасы аясында ұйымдастырылды.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін