Шымкенттік клиника «Даму» арқылы дами түсті

Malim Админ

  • 15.03.2021

Коронавирус алғаш келгенде мелициналық құрылғылар мен құралжабдықтар, тіпті, ауруханаларда орын жетіспей, дәрі-дәрмек тапшылығы қатты сезілді. Осыдан кейін елде медициналық мекемелер мен кәсіпорындардың мол болуы керек екенін түйдік. Осындай кезде Шымкент қаласындағы «Shymkent Мedical Services» клиникасы күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеп, жалпыұлттық денсаулық қауіпсіздігін сақтауға барынша үлес қосты. Қазір де аталмыш клиника тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ересек азаматтарға тәулік бойы стационар ретінде жұмыс істеп жатыр. Мұнда одан бөлек ақылы палаталар да қарастырылған.

Бұл клиникада қанның биохимиялық талдауы, ЭКГ, жүректің УДЗ және басқа да әдістер тез және дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретін зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістері бар. «Shymkent Мedical Services» клиникасының учаскелік дәрігерлері емханада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Онымен қоса, тұрғындардың шақыртуларымен үйлеріне де барады.

Мекеме мұндай жағдайға мемлекеттік бағдарламаның көмегін алу арқылы жеткен. Жұмысын кеңейту мақсатында мемлекеттік бағдарлама арқылы «Даму» Қорынан жеңілдетілген несие алған. Бұл қаржыға клиника жаңа медициналық жабдықтар сатып алыпты.

Енді жаңа медициналық аппараттар арқылы акушерлік/гинекология, урология, ангиология, кардиология (стресс-эхо және тері өңеш зерттеулерін қоса алғанда), жер үсті құрылымдары мен қаңқа-бұлшық ет жүйесін зерттеу сияқты түрлі салаларда жоғары сапалы қызмет көрсетіп келеді.

Байланысты жаналықтар

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023
MalimBlocks
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды