Тоқаевтың аудиториясы үшін зам-декан жұмыстан шығарылды 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетітінің ректоры Жансейіт Түймебаев журналистика факультеті деканы міндетін атқарушы Мәншүк Мұқашеваны бүгін жұмысынан босатқан. Мұқашеваның жұмыстан шығарылуына Кемел Тоқаев атындағы аудиторияның ашылуы кезіндегі дау себеп болуы мүмкін.

Есенжол Елекенов

  • 09.10.2023

М. Мұқашеваның жұмыстан шығарылғанын кафедра меңгерушісі Гүлмира Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Оның жазуынша, 9 қазанда журналистика факультетінде университет проректоры Ләззат Еркінбаева жиын өткізген.
-Проректор Ләззат Еркінбаева факультет ұстаздарымен кездесіп, ұжымның ой-пікірін тыңдады. 22.09.2023 - 09.10.2023 аралығында декан міндетін атқарушы Мәншүк Мұқашеваның оқытушы Дастан Қастайға жасаған қысымы ашық айтылды. Бүгіннен бастап университет ректоры Мәншүк Мұқашеваны қызметінен шығару туралы бұйрық шығарды. Жас оқытушыға жасалған қысым туралы университет басшылығы дер кезінде хабардар болмағаны рас. Проректор Ләззат Еркінбаева Дастан Қастайдың оқытушылық қызметте қалатынын және ол туралы теріс ақпарат түсіргендер, қудалауға жол бергендердің жазаланатынын қадап айтты. Ректор Жансейіт Түймебаевтың бұдан бейхабар екенін жеткізді. Сонымен қатар, журналистика факультеті деканының міндетін атқарушы Мәншүк Мұқашева өз еркімен қызметтен кетті, - деп жазған Гүлмира Сұлтан.

Азаттық радиосының жазуынша, қызметінен кеткен Мәншүк Мұқашева мән-жайға жауап бермеген. ҚазҰУ баспасөз хатшысы Қаншайым Байдәулет те Азаттық қоңырауын көтермеген, хабарламаға жауап бермеген.
Мәншүк Мұқашева Дастан Қастайдың желідегі жазбасының астына «Қыркүйек айында факультетте екі кафедра бойынша жүктеме алған Дастан Қастайды жұмыстан шығару туралы өкім шыққан жоқ. Өкім шықса қызметкерге таныстырылар еді. Сол себепті Дастан Қастай жұмысқа қайтадан алынды деуге негіз жоқ. Мен жаңа ұсыныс түсуіне байланысты өтініш жаздым» деген пікір қалдырған.
Осылайша университеттегі дау жаңа қарқын алғандай.  Өткен аптада осы оқу ордасында жазушы Кемел Тоқаев атындағы аудитория ашылып, оның арты үлкен дауға ұласқан еді. Дауға себепкер болған осы университеттің ректоры Жансейіт Түймебаев. Ол Азаттық радиосы тілшісінің қолындаға микрафонға жармасып, сынның астында қалған болатын. Ол аздай, осы аудиторияға қатысты өз ойын ашық айтқан оқытушысы Дастан Қастайға оқу орын басшылары қысым жасап, жұмыстан шығармақ деген сөз тарады.
Әлбетте, ол сөздің тарауына Дастан Қастайдың өзі Facebook-парақшасына жазған жазбасы түрткі болды. Не керек, әлеуметтік желіде айтарлықтау шу көтерілді.  Оған тіпті,  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек араласты. 
 -Достар,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас оқытушысы Дастан Қастайдың әлеуметтік желідегі ашық хатына байланысты оқу ордасының басшылығымен тікелей байланыстым және ұстаздарды жұмыстан шығару немесе қудалау фактілері болмауы керектігіне кеңес бердім. Қазіргі уақытта Дастан Қастай бауырымыздың жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрық жоқ екенін және журналистика факультетіндегі қызметін жалғастыра беретінін баршаңызға қуанышпен  жеткіземін,- деп мәлімдеген еді министр Саясат Нұрбек.
Енді міне, бұл даудың соңы бүгін деканның орынбасары Мәншүк Мұқашеваның жұмыстан шығарылуымен жалғасты. Яғни, кафедра меңгерушісі Гүлмира Сұлтанның жазуы бойынша, проректор Ләззат Еркінбаева сыни ойын ашық айтқан Дастан Қастайға қысым көрсетілгенін ашық мойындап отыр. Ал айналып келгенде барлық дауға деканның орынбасары ғана кінәлі болып шыққандай. Жоғарыдан тапсырмай алмай-ақ, өз бетінше оқытушыларға қысым көрсеткен неткен батыр зам-декен еді... 

Байланысты жаналықтар

Қаралы қаңтар. Түймебаевтің ұлының өліміне күдікті ұсталды

28.11.2022

Ықылас Ожайұлы. «Інжу-маржан секілді...»

16.03.2021

Байбек берген жерден тағы да дау шықты

19.02.2021

Түймебаев қымбат әжетхана сатып алудан бас тартты

12.02.2021
MalimBlocks
Қаралы қаңтар. Түймебаевтің ұлының өліміне күдікті ұсталды

Күдікті ұсталып, қамауда отыр

Ықылас Ожайұлы. «Інжу-маржан секілді...»

Байбек берген жерден тағы да дау шықты

Түймебаев қымбат әжетхана сатып алудан бас тартты