Түркістан облысында Ащысай ауылының әкімі сайланды

  • 20.09.2023

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында саяси реформалардың қоғамымызға қажет екенін және олардың міндетті түрде өз жалғасын табатынын жеткізді. Соның бірі ретінде аудан және ауыл әкімдерінің сайлауын айтуға болады. Бұдан былай ауыл тұрғындары өз әкімдерін, өздері сайлайды. Бүгінде ел азаматтарының 40 пайыздан астамының ауылда тұратынын ескерсек, бұл саяси реформаның маңызы зор деуге болады.

Биылғы жылдың 17 қыркүйегінде Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының әкімін сайлау өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен аталған ауылға

Байкобеков Жеңіс Оразәліұлы 1990 жылы 09 мамырда Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Ұлты: қазақ. Білімі орта арнаулы. 2009 жылы Кентау қалалық медицина колледжін «Фельдшер» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2014-2016 жылдары Кентау қалалық емханасының жүргізуші қызметінен бастаған. 2017-2019 жылдары Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының фельдшер қызметкері. 2019-2023 жылдары Кентау қалалық емханасынынң 4 дәрежелі аға фельдшері қызметін атқарған.

Бүгінгі таңға ауыл тұрғындарының сайлауы негізінде, Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұйыртса, өңірімізде алдағы уақытта 4 аудан әкімі тұрғындардың дауыс беруі арқылы қызметке кірісетін болады. Бүгінде осы сайлау мерзімі жақындаған сайын науқанның ел өміріндегі, соның ішінде ауылдардың дамуындағы рөлінің зор екені айқындала түсуде. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын түзді. Соған байланысты, ауылдарда семинар-кеңестер өткізбек.

Айта кетейік, үміткерге қойылатын негізгі талап өзгерген жоқ. Оның жасы жиырма беске толған, Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Ауыл әкімі мемлекеттік қызметші болып табылады және білімі мен мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың белгілі бір талабына сәйкес келуі керек. Яғни, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, мемлекеттік органдар болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес және тағы басқа. Дегенмен, әкімдерді ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының өздері сайлайтын болғандықтан, Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық экономика министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерімен бірлесіп, ауыл әкіміне қойылатын талапты азайту туралы шешім қабылданып отыр. Бұл халық тікелей өзі сайлаған үміткер болғандықтан, оларға артық талап қойылмайды.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.