Түркістан облысында округ әкімдері қалай сайланды?

Саяси реформалар – даму кепілі

  • 26.11.2023

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла САДЫҚОВ президенттің реформасы және ондағы бастамалардың жүзеге асуына назар аударып, талдау жасапты. Профессордың пікірін көпшілікке жеткізіп, ой талқы жасауды жөн көрдік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған саяси реформалары – елді демократияландырудың ең басты алғышарты. Ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдердің өз кезегінде қолға алынуы өте құптарлық. Жаңа Қазақстан құрудағы ең басты өзгеріс әуелі Мемлекет басшысының өзінен басталғанын басым айту қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы Қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына айналды. Бұл бастамалар Түркістан облысына тікелей әсер етіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды» құру бастамасымен елімізде тың бастамалар қолға алынып, экономикалық, саяси реформалар жүзеге асып жатқаны белгілі. Әділетті Қазақстанды құрудағы игі істерге барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана ортақ мүддеге қол жеткізуге болады. Себебі, мемлекет тірегі де, басты байлығы да – халық. Еліміздегі саяси реформалардың аясында ауыл тұрғындары екі жылдан бері ауылдық округ әкімін таңдау мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде Түркістан облысы бойынша 140 ауылдық округ әкімдері сайланды. Сонымен қатар биыл 4 аудан әкімінің сайлауы өтті. Қабылданып жатқан реформалардың барлығы – мемлекеттік басқарудағы шешім қабылдау процессіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін арттырып отыр. Қоғам демократиялана түсті.

Былтырғы референдумда Түркістан облысында құрамына үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялар («Аманат», «Ақжол», «Ауыл») өкілдері, қоғам қайраткерлері, жас мамандар, облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, этно-мәдени бірлестіктердің және білім саласының өкілдері, блогерлер  енгізілген, жалпы 58 адамнан тұратын Қоғамдық штаб құрылды. Облыстық қоғамдық штаб облыстағы аудандар мен қалалардағы тұрғындармен кездесіп, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер туралы кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы түсіндліру жұмыстарының нәтижесінде Түркістан облысы сайлаушыларының 80 пайыздан астамы референдумға қатысты. Бұл – үлкен көрсеткіш.

Елде референдум өтіп, қабылдаған реформаларды іске асыру жұмысы бірден қолға алынды. Президент сайлауын өткіздік, Ұлттық құрылтай құрылды. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шет елдерде де талқыланып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

«Біздің болашағымыз – айқын, нақты жоспарымыз бар. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Осылайша, билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болады. Елімізді дамыту жолында тың бастамалар көтеріп, оны табысты жүзеге асыру – басты міндет. Қазір жетістікке мәз болып отыратын заман емес. Жұмысты тың қарқынмен жалғастыру керек», -деді Президент.

Осылайша, Президент бастамалары іс жүзінде нәтиже беріп, әр тұрғын армандаған Әділетті Қазақстан құру жолындағы қадамға серпін беретін болады. Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалдаманың негізінде ел тұрғындарының 71,7 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп есептейді. Ақпан айындағы өңірлік мониторинг бойынша ауыл тұрғындары арасында – 75,1, жастар арасында 78,4 пайыз нәтиже саяси жаңаруға оң баға берген.

Мемлекет мықты, мемлекеттілік мәңгілік болуы үшін оның ауырлығы да бір тұсқа шоғырланбай, теңгерімді түрде тең бөлінуі шарт. Қ.Тоқаевтың Қазақстанды суперпрезиденттік басқару форма-сынан Парламенті мықты президенттік елге айналдыруға бекінуі, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жүзеге асыруы саяси жүйедегі тепе-теңдік және тежемелік механизмдерін елеулі түрде нығайта түсті.

Байланысты жаналықтар

Беларусь митингілерінен кейін Қазақстанда өзгеріс болуы мүмкін

30.08.2020
MalimBlocks
Беларусь митингілерінен кейін Қазақстанда өзгеріс болуы мүмкін