Түркістан: Саяси реформалар Созақ тұрғындарының қолдауына ие болды
Қазақстанда 27 жылдан кейін өткен референдум тарихымызда шын мәнінде халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа жүйесін құруға көмектесетіндей бірегей оқиға болды. Түркістан өңірінде де бұл саяси науқан жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы референдумға «иә» деп айта отырып, қоғам мен билік арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік жүйені жетілдірді. Елдің саяси модернизациясының нәтижесі «суперпрезиденттік» басқару нысанынан ықпалды Парламенті және есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшу болады. Бұл модель еліміздегі демократиялық үдерістерді нығайтуға және биліктің барлық тармақтарының тиімділігін арттыруға арналған.
Жаңа Республиканың негізгі қағидасы – барлық істе әділеттілік. Бұл елдің дамуына қатыстык ең ауқымды мәселелер бойынша азаматтардың пікірін ескеруге де қатысты.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Маңызды шешімдер азаматтардың қатысуымен ашық қабылданатын болады, өйткені мемлекет баршаның үніне құлақ асады», деп атап көрсетті.
Маусымдағы референдумда Созақ ауданы бойынша 39 референдум учаскесі жұмыс істеді. Аудан азаматтарының басым бөлігі Конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдап, сол арқылы мемлекеттің жаңа моделіне көшуді қолдайтындықтарын білдірді. Дауыс берушілердің саны жоғары болуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігінің дәлелі болды.
Референдум биліктің және қоғамның елдің одан әрі даму болашағын жоспарлаудағы ортақ түсінісу құралы болды. Өткен референдумның қорытындысы қазақстандықтардың басым бөлігі Президенттің саяси жаңғырту бағытындағы бағдарламасын қолдайтынын көрсетті. Сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың қатысуы және азаматтардың дауыс беруі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларына сенімнің жоғары деңгейін көрсетті. Мемлекет басшысы референдум қорытындыларына арналған Үндеуінде Тәуелсіздікті, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту басты міндетіміз екенін атап өтті. «Әрбір азамат саяси өзгерістер мен экономикалық өсудің жемісін көруі керек. Құрғақ уәде мен бос сөз ешқайда апармайды. Мен үшін ең бастысы – нақты әрекет пен нақты өзгеріс. Осы мақсатқа жету үшін бар күшімді саламын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Менің бағалауым бойынша, референдум Конституцияға өзгерістер енгізу және елдің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру және нарықтық реформаларды ілгерілету жөніндегі күш-жігері тұрғысынан серпіліс берді. Референдум – оң өзгерістер үшін саяси ерік-жігердің маңызды белгісі. Айта кету керек, елдегі конституциялық реформалар демократия, бостандық және заң үстемдігі принциптерін нығайтуға бағытталған. Түзетулер елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған.
Әкімдерді тікелей сайлау еліміз үшін ерекше деген пікірдемін. Бұл жалпы мемлекеттік және қоғамдық басқаруды дамытудағы жақсы тенденция. Негізгі мақсат – азаматтарды мемлекеттік басқаруға, басқару шешімдерін қабылдау алдында талқылауларға тарту. Халыққа өз пікірін білдіріп, сол немесе басқа мәселені шешуге мүмкіндік беру. Тұрғындар тапсырмалардың басымдылығын анықтауға көмектесе алады. Ауылдың өзекті мәселелерін жергілікті деңгейде шешу қажет. Әкімдерді тікелей сайлау тек сенімді нығайтып, халық пен мемлекет арасындағы алшақтықты азайтады деп ойлаймын.
Жалпы, көпшілікке руханият дәнін сеуіп, кітаптың қадір-қасиетін дәріптеуші кітапханашылардың қоғамда өз орны бар. Көптің назарын ерекше аударған рухани орда Созақ кітапханасына 80 жыл толып отыр. Кітапхананың іргетасы 1943 жылы қаланған. Жүйеде 23 кітапхана: 1 орталық, 1 балалар және 21 ауылдық кітапхана бар. 53 қызметкер еңбек етеді. Көп жылдан бері қызмет жасап келе жатқан кәсіби мамандар да бар. Қазіргі таңда кітапхананың 435 мыңға жуық кітап қоры бар, оның ішінде қазақ тілінде – 303277, олардың 8500-і – құнды кітаптар. Бұл қордың ішінді 1950 жылы жарыққа шыққан дүниелер де қаз-қалпында сақталған. Құнды кітаптар деп аз таралыммен шыққан жоғары сұраныстағы әр түрлі анықтамалар, танымдық әдебиеттер, белгілі классиктердің кітаптарын айтамыз. Оған ерекше әсем көркем безендірілген форматы жағынан айрықша басылымдар, тарихи әдеби шығармаларды әлем әдебиетінің озық үлгілерін қосамыз.
Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ауылдық кітапханалар арасында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясын, мерейтой иелеріне кештер, әдеби сайыстар, дөңгелек үстелдер өткізіп келеді. Созақ кітапханасының жетістіктері атап айтар болсақ, Облыстық мәдениет және туризм басқармасы мен облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасымен, Сарыағаш аудандық орталық кітапханасының бірлесе ұйымдастырған, ең көп оқитын оқырман балалар арасында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқаудың қорытынды кезеңінде Сахи Кәусар бас жүлдені жеңіп алды. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастырумен дарынды зағип және нашар көретін суретшілерді, музыканттарды, жазушыларды және басқа да шығармашыл тұлғаларды қолдауға және ынталандыруға арналған "ШамShyraq" өңірлік өнер фестивалінде Масымбаева Гүлнара Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығына арналған "Шабыт шеберлері" номинациясының жеңімпазы атанды. І дәрежелі дипломмен, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Зағиптарға арналған қазақша нүктелі-бедерлі шрифтінің авторы, тифлопедагог, композитор Ақан Қасымовтың 95 жылдығына орай "Тактильді әлем" – сенсорлық сезімдерінің көмегімен сезілетін тактильді өнер туындаларын жасау кезеңіне қатысқан Барлыбаев Аппаз ІІІ жүлделі дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің кезекті "Рухани қазына - 2023" фестивалінің "Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері" номинациясы бойынша қатысқан Түркістан облысы, Созақ аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жұмабаева Балнұр Мұқажанқызы алғыс хатпен марапатталды. Жаңашылдыққа жаны құмартып тұрған кітапхана оқырмандарын көргенде жаның жылиды. Ал, кітап – қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы.
Б.Бекмұратова,
Созақ аудандық орталық кітапханасының
кітапхананы дамыту бөлімінің басшысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.