ТЖМ: Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзенінде шағын қар көшкіні болды

Ал Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті.

Malim Админ

  • 05.03.2024

 

Сел, қар көшкіні жағдайын, мұздақ-мұздық кешендерінің, өзендерінің сел қаупі бар арналарының жай-күйін бағалау мақсатында ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Қазавиақұтқару тікұшағында Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінің бассейндері бойынша Қаскелең өзені бассейнінен Талғар өзеніне дейін аэровизуалды зерттеу жүргізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзені бассейндерінің жоғарғы ағысында шағын қар көшкіні болған.

Сондай-ақ, Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті. Барлық қар көшкіні тау беткейінде тоқтады. Айтарлықтай көлемдегі қар көшкіні тіркелген жоқ. Объектілерге қар көшкіні қаупінің төнуі анықталмады.

«Мұздақ көлдер қысқы режимде, мұз қатқан. Көлдегі мұздың жарылғаны байқалмады. Су шығынының шегі қалыпты деңгейде, өзгеріс жоқ. Биік таулы аймақтардағы қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Көл бөгеттерінде немесе құрылыстардың төменгі ағыстарында көзге көрінетін фильтрация белгілері табылмады. Опырылған немесе көшкіннің ізі анықталмады», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Байланысты жаналықтар

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді

05.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

28.04.2025
MalimBlocks
Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Алматыда жер сілкінді

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

Қарқаралы орманында алапат өрт болды