Украина Қазақстан үшін де соғысып жатыр - Арман Шораев

Айшолпан КЕРІМ

  • 28.03.2022

Кәсіпкер Арман Шораев бүгін Украинаға гуманитарлық көмек бойынша есеп туралы өткізілген баспасөз конференциясында Қазақстан халқын Украинаға көмек көрсетуді жалғастыруға шақырды. Кәсіпкер көрші елге көмек акциясын Ресей-Украина қақтығысы аяқталғанға дейін жалғастыруға ниетті.

“Қазақстанның азаматтық қоғамы жұмыла Украина халқына көмек ретінде аздаған уақыт ішінде қомақты қаржы жинап берді. Бүгін сол көмек акциясының есебін бөлісіп отырмыз. Бірақ бұл акция әлі де жалғасуы керек. Біз гуманитарлық көмек жинауды Украина соғысты жеңіп шыққанға дейін жалғастырамыз. Қазіргі жағдайды біздің халық та түсініп отыр. Бұл - Ресей тарапынан жасалған фашистік әрекет және қазір украиналықтар тек өз Отаны үшін емес, Қазақстан үшін де соғысып жатыр. Сондықтан қолдан келгенше көмек көрсетуіміз керек”, - дейді Шораев.

Шораевтың сөзінше, көмек акциясы аясында бір апта ішінде жиырма мың қазақстандық 2 миллион доллардан аса қаржы жинаған. Кәсіпкер әзірге қаржы жинау тоқтатылғанымен көмектесуге ниеттілер көп дейді. Сондай-ақ ол қаржылай, дәрі-дәрмек, киім-кешек, азық-түлік тасымалынан басқа да көмек амалын қарастырып жатқанын айтты.

“Украина өкілдері каска мен бронежилеттер де гуманитар көмек ретінде жеткізілгенін құп көретіндерін жеткізді. Одан бөлек кәсіпкер ретінде IT мамандары арасында байқау жарияладым. Жақын күндері желіде фашистік V және Z лозунгтері бар фотоларды жариялап, парақшасына қойған адамдардың базасын жинақтайтын арнайы сервис құрылады. Кейін ол база Украина  мен Америка, Еуропа елдерінің қауіпсіздік комитетіне жіберіледі. Бұл да - көмектің бір түрі”, - дейді Шораев.

Сондай-ақ кәсіпкер Украинаға жөнелтілген гуманитарлық көмек пен 6 наурыз күні Алматыда өткен Украинаны қолдау митингінің саяси мәні зор деп есептейтінін жеткізді. 

“Наурыздың басында өткен Украинаны қолдау митингі мен біз жедел жинап жөнелткен гуманитарлық көмектің саяси мәні зор. Меніңше Қазақстан қоғамы осылайша Ресейдің әскери операциясының бөлігі емес екенін дәлеледі деп ойлаймын. Бірақ аталған митингінің ұйымдастырылуына біздің ешқандай қатысымыз жоқ”, - дейді ол.

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!