Вакцина салдырайын десең

Malim Админ

  • 18.05.2021

Қарағанды облысының халқына  «Спутник V» вакинасының екінші компоненті жетпей қалды. Емханалар мен вацина орталықтарының маңында жүрген жұрт екі күнен бері тиісті дозаларын ала алмай әлек. Ал, дәрігерлер болса, вацинаның қай уақытта келетінін кесіп айтудан бас тартуда. Бұл туралы Мalim.kz сайтының тілшісі хабарлайды.

«Вакцинаның екінші компоненті алуға келдік. Екіншісін әлі жоқ дейді. Келген жоқ, келгенде хабарлаймыз дейді. Әкелген жоқ қой демін. Қоймада  жоқ па деп сұрадық. Дұрыстап жауап қатпайды», - дейді қала тұрғыны Құралай ҚОШАҚАЕВА.

Дәрігерлер вакцина тапшылық мәселесін жоққа шығармайды. Алайда диктафонға ақпаратты растауға құлық танытпады. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының сөзінше, «вацина бар, тек сертификациясы жоқ». Осы мәселеге қатысты «СК фармация» ЖШС-нің баспасөз хатшысы аталған құжаттың неліктен кешігіп жатқанын түсіндірмеді.

«Қауіпсіздікті растайтын құжат, яғни сертификат беріледі әр серияға.  Ол Сертификатты алғаннан кейін  ғана өңірлерге жөнелтіледі вакциналар.  «Спутник V» вакинасның екінші копоненті бойынша қазіргі таңда дәрілік заттарды  зерттейтін ұлттық орталыққа сертификаттауға ұсынылған. Сертификаттың шығуы 17-18 мамырда күтілуде. Шыққаннан кейін барлық өңірлерге жеткізілетін болады», - деді «СК- Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім СМАИЛОВА.

 Фото: syrboyi.kz

Айман ОРМАНОВА

MalimBlocks