Boxrec.com: Головкин Әлиден озды

Берік Жанатханұлы

  • 17.05.2021

Геннадий ГОЛОВКИН Boxrec.com жариялаған рейтингте даңқты Мұхаммед ӘЛИДЕН жоғарғы орынға жайғасты. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

Үздік боксшылар рейтингіне түрлі  салмақ дәрежесінеді бокс тарихындағы барлық боксшылар қатысқан. Ең үздік боксшы болып кіші Флойд МЭЙВЕЗЕР тандалған. Екінші орында Эззард ЧАРЛЬЗ болса, үшінші орынды филипиндік Мэнни ПАКЬЯО түйіндеген.  

Үздік ондыққа Арчи МУР, Рэй РОБИНСОН, Джо КАЛЬЗАГЕ, Хуан МАНУЭЛЬ МАРКЕС, Бернард ХОПКИНС, Андре УОРД и Владимир КЛИЧКО кірген.

Қазақ боксшы Генадий Головкин он үшінші орынға жайғасқан. Ол Мұхаммед Әли, Оскар де ла ХОЙЯ, кіші Рой Джон САНДАРДАН озып кеткен.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері 39 жаста. Афмна олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Кәсіпқой рингте ең толағай табыстарға жеткен қазақ боксшысы. IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы.