Шавкат Рахмоновтың қарындасы ана атанды

Спортшы қыз тұңғышының есімін Жұлдыз деп қойған.

Сабина Асқарқызы

  • 04.04.2025

Жартылай орта салмақта жеңілмеген UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора тұңғышын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сүйінші жаңалықты спортшы қыздың күйеуі әлеуметтік желіде жариялады.

Алматы облыстық мәслихат депутаты, джиу-джитсуден спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Instagram-да перзентханадан шыққан суретін салды.

Қуанышты бөліссең көбейеді демекші, осы бір жаңалығыммен бөлісіп, сіздердің ақ тілектеріңізбен бақытымды еселегім келді.

Маған «Әке», жарыма «Ана» деген ең құрметті атақ беріп, шаңырағымызда бір Жұлдыз жанды. Қызымыз өмірге келді! Аллаға шүкір! деп жазды Сораның күйеуі.

Ал оқырман қауым спортшылар отбасын қуанышты жаңалығымен құттықтап, сәбиге ақ тілегін жаудырып жатыр.

Фото: instagram.com/orynbassarov_team

Байланысты жаналықтар

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025

Қостанайда салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

20.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

«Қызым некесіз дүниеге келді». Аида Кауменова жеке өмірі туралы айтты

08.04.2025

Қуат Хамитов «сүйіктісін» көрсетті

07.04.2025

Күтпеген нәтиже: Асу Алмабаев UFC-де техникалық нокаутпен жеңілді

02.03.2025
MalimBlocks
Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Қостанайда салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

Қостанайда салмағы шамамен 7 келі, бойы 60 сантиметрден асатын алып сәби дүниеге келді

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

«Қызым некесіз дүниеге келді». Аида Кауменова жеке өмірі туралы айтты

Ол тұңғышын 27 жасында дүниеге әкелген.

Қуат Хамитов «сүйіктісін» көрсетті

Спортшы қазір Таиландта жүр.

Күтпеген нәтиже: Асу Алмабаев UFC-де техникалық нокаутпен жеңілді