Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СҚО-да денсаулық сақтау қоймасынан мерзімі өтіп кеткен екпелер табылды

Сұқбат
СҚО-да денсаулық сақтау қоймасынан мерзімі өтіп кеткен екпелер табылды

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау мекемелерін тексеру кезінде  медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
«Санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды. Прокурорлық тексерулер қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады», - делінген хабарламада.

4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Фото: ашық дерекөздерден алынды 
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу