Швейцариялық сайлаушылар қарттардың өмір сүру деңгейіне қатысты ұлттық референдумда өздеріне қосымша айлық зейнетақы тағайындады. Олар енді жыл сайын 13-ші зейнетақы алатын болды, деп жазды BBC.
Үкімет зейнетақы төлемін арттыру бюджет үшін тым қымбатқа түсетінін ескертті, бірақ референдумда сайлаушылардың 60%-ға жуығы бұған келіскен.
Швейцарияда ай сайынғы мемлекеттік зейнетақы мөлшері 2550 еуроны құрайды, бірақ көбісі бұл қаражат елде тұру үшін жеткіліксіз дейді.