Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, Қазақстан тәліптермен ынтымақтастыққа баса назар аударады.
«Бүкіл әлем іс жүзінде Ауғанстанның қазіргі басшылығымен бизнес жасап, қарым-қатынас орнатып жатыр. «Талибан» қозғалысы уәдесінде тұра ма, жоқ па – мәселе сонда», - деді Роман Василенко Сенат кулуарында.
Айта кетейік, Қазақстанға Ауғанстан үкіметінің сауда министрінің міндетін атқарушы делегациясымен бірге келеді.