Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таразда қайын атасын ұрып-соққан келін жауапқа тартылды

Сұқбат
Таразда қайын атасын ұрып-соққан келін жауапқа тартылды

Ақпан айында Меркі ауылында екеуінің арасында туындаған жанжал барысында азаматша өзінің қайын атасының басынан ұрған, алайда денсаулыққа зиян келтірмеген, деп хабарлайды Меркі аудандық соты.

«Құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің берген жазбаша арызы және түсініктемесі, дәрігерлік анықтама, құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сонымен қатар сотта зерттелген басқа да кұжаттармен толық дәлелденді», - делінген хабарламада.

Сот отырысында азаматша кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірген. Жәбірленуші көрсетілген жағдайды растап, шағымданбаған.

Сот қаулысымен азаматша ӘҚБтК-нің 73-2 б.1-1 б. бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды. Қаулы заңды күшіне енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу