Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

Білім-ғылым
Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

Қорғаныс министрлігі ЖОО-да тегін оқуға грант алған мерзімді әскери қызметшілердің тізімін жариялады.

Грант саны – 1,5 мың орын. Оған 2023 жылы күзде әскерге шақырылған  17 927 сарбаз үміткер болды.

Грант байқауына Қорғаныс министрлігінен 8 169, Ұлттық ұланнан 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен 315, Шекара қызметінен 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысты.

 «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі байқауда іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етті. Бұл жүйеге күштік құрылымдар әскери бөлімдері сарбаздарының қызметтің барлық кезеңіндегі үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері енгізілген.

Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің толық тізімімен Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында танысуға болады.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу