Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тексерістен кейін Қызылағаш су қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілді

Құқық
Тексерістен кейін Қызылағаш су қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілді

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау шеңберінде Жетісу облысындағы Қызылағаш өзенінің су қоймасы бөгетінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.


Былтыр жазда «Қазсушар» РМК қаржы-шаруашылық қызметіне мемлекеттік аудит жүргізілген. Тексеру барысында жұмыс жобаларында бұрын су тасқынынан бүлінген апаттық бөгеттің бір бөлігіне жөндеу жасалмағаны анықталды. Ал ескі бетонның кейбір жерлерінен су өтіп жатыр, бұл оның одан әрі бұзылуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты кәсіпорынға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Нәтижесінде биыл маусым айында су ағызу құрылысы тексеріліп, зақымдалған жерлерде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 

Фото: inbusiness.kz  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу