Алаш арысы Міржақып Дулатұлы
Алаш арысы, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі, ақын, публицистғ қоғам және мемлекет қайраткері Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты «Қызбел» ауылы) дүниеге келген. Әкесі Дулат аты шыққан шебер, ал анасы Дәмеш әншілікке бейім болған. Міржақып екі жаста анасынан айырылды.

Әкесі балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, одан кейін орысша оқытып, заң қызметіне бағыттады. Осы жолмен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасында оқыды. Бірақ екі жылдан кейін ауыл мектебіне ауысты.
Міржақып ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Алайда 12 жасында әкесі дүние салады. 12 жасында әкесінен айырылады. Ағасы Асқар әкесінің тілегін орындаймын деп, Міржақыпты ары қарай оқытады. Сөйтіп, інісін өзі оқыған екі кластық орыс-қазақ мектебіне береді. Міржақып Ыбырай Алтынсарин негізін салып кеткен мектепте бес жыл оқып, үздік бітіріп шығады. Осыдан кейін ары қарай оқуға мүмкіндігі болмайды. Өз бетінше оқып, орыс тілін, әдебиетін терең игереді. Бұл туралы өзі де жазған.
Оқуын аяқтаған соң, ауыл мектебіне мұғалім боп орналасады.
Мұғалім болған алты жылдың ішінде оң мен солын танып, ұлт қамы үшін күресуге дайындалады. Ақындық талантын да осы жылдары таныта бастайды.
Міржақып Дулатұлы 1905 жылы Патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазғандардың бірі. Осы петиция туралы Мұхтар Әуезов те жазған.
1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңін жариялайды. Ал бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласынан кейін «Серке» газеті біржола жабылады. Газеттің дәл сол санын шығаруға қатысқан адамдардың барлығы жауапқа тартылсын деген үкім шығады. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелеген. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен бүркеншік аттың иесін таба алмайды.
1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Жазушы сол үшін тергеу органдарының бақылауына алынды, ал «Оян, қазақ!» кәмпескеленді. Екі жылдан кейін осы жинақ қайтадан басылып шықты.
Осы сарындас мақалалары үшін Семейде полицияның қолына түседі де, бір жарым жыл қамауда отырады.
1912 жылы баспасөз қызметін жалғастырады. Ахмет Байтұрсынұлымен бірге қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы – «Қазақ» газетінің негізін қалайды. Ал 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ Семейден Орынборға жөнелтілген бойда қамаудан босатылады.
Міржақып Дулатұлының көптеген әңгімелері лақап аттармен шыққан. Оның жиі қолданған есімдері: Азамат, Мадияр, Таймінер, Түрік баласы және Арғын баласы.
Қаламгердің алғашқы кітабы «Оян, қазақ!» болса, бір жылдан кейін «Бақытсыз Жамал» романы жарыққа шықты. 1913 жылы Орынборда «Азамат», ал 1915 жылы «Терме» атты өлеңдер жинағы басылды.
1914 жылы 14 мамырда Міржақып Дулатұлы Омбы қаласында Ғайнижамал Баймұратқызымен отбасы құрды. Тойдан кейін Дулатовтар бірден Орынбор қаласына аттанды.
1925-1928 жылдары Міржақып Дулатұлы ел астанасы - Қызылорда қаласында тұрған. Сол жерде бірнеше әдеби шығармасын жазды. Сол уақытта Міржақыптың үйіне қазақ зиялыларының белгілі өкілдері, ақындар, жазушылар, әртістер жиі келіп тұратын. Олардың ішінде Нәзипа Күлжанова, Ілияс Байменов, Әліби Жанкелді, Серке Қожамқұлов, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Мағжан Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Әлібек пен Әуелбек Қоңыратбаев және тағы басқалар. Қарсақбайдан Қаныш Сәтбаев да жиі қатынап тұрды.
1928 жылы 28 желтоқсанда Міржақыпты тағы қамауға алды. Қызылорда түрмесінде көршілес камерада Жүсіпбек Аймауытұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы да отырған.
1929 жылы тергеу кезінде Міржақып Дулатұлы қайта ұсталды.
Дулатұлы өлім жазасына кесілді, бірақ оның өлім жазасын бас бостандықты 10 жылға айырумен алмастырды. Алдымен екі жыл бойы Бутырка түрмесінде отырды. Артынан Сосновец лагеріне айдалды.
Лагерьде түркі-орыс сөздігін жазды. Міржақып осы оқу құралын мыңдаған қазақ, қырғыз және басқа түркі тілдес елдердің өкілдері үшін жазып берген.
Міржақып Дулатұлы лагерьде қазақ мектептеріне арналған геометрия оқулығын да жазып шықты. Ол сондай-ақ өзінің дала емшілігін білгенінің арқасында қамалғандарды емдеді.
1935 жылы қазанның бесі Міржақып Дулатұлы лагерьдің орталық лазаретінде дүние салды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның ең жас министрлерінің бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қыркүйекте Райымбек ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы облысы Талғар ауданында қастандықтан қаза болды. Оның өлімі әлі толық ашылған жоқ...
«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат
Қарағандының 15 шахтасын гoлландықтар сатып алған, сoларды сақтап қалды дeп қуанып жүрмiз. Eкiбастұзды да сатып жiбeрдiк. Ал, oлардың бiр жылда өндiрeтiн 50 миллиoн тoнна көмiрiн əр тoннасын 10 дoллардан сатса, бiр жылдың өзiндe 500 миллиoн дoллар түсiрмeй мe? Oлар oсыны көрe, жылына 100 миллиoн дoллар бөлiп oтыр. Бүкiл Қызылoрданың үмiтi бoлған Құмкөлдi дe сатып жiбeрдiк.