Бүгін – Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні

Ол туған халқына жол көрсетуде Абай бағытын ұстанды. 

Берік Дәулетов

  • 11.07.2024

 

Бүгін ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 166 жыл толды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шәкәрім өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипатын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына жол көрсетуде Абай бағытын ұстанды. 

Сыршыл ақынның қаламынан терең ойлы, лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты дастандар, «Әділ-Мәрия» романы және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды.

Қаламгердің «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Еңлік-Кебек», «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрген.  

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына арқау болды.

Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. 

Ұлы тұлғаның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік, көңілді қозғайтын сыршылдығымен жүректен өз орнын алды. 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

05.05.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

Ақын туған күнін Қазақстанда атап өтті

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.