Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

YouTube Premium Қазақстанда іске қосылды

Сұқбат
YouTube Premium Қазақстанда іске қосылды

Google компаниясының Youtube Premium сервисі Қазақстанда іске қосылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, бұл сервис пайдаланушылар мен контент жасаушылар үшін жаңа мүмкіндік ашады.

«Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы және оны жаһандық желіге біріктірудегі елеулі қадамды білдіреді.Өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабындағы өз жұмыс сапары барысында Бағдат Мусин Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен Қазақстанда сервистің іске қосылуын талқылады», - делінген хабарламада.

YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыканы жарнамасыз, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Министрліктің айтуынша, қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде.

 

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу