Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбылда мүмкіндігі шектеулі азаматқа үйінің құжаты қайтарылды

Сұқбат
Жамбылда мүмкіндігі шектеулі азаматқа үйінің құжаты қайтарылды

 

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің Жуалы ауданында өткен жеке қабылдауы кезінде 2-топтағы мүгедектігі бар ер адам банк мәселесін шешуге көмек сұраған. Белгілі болғандай, мүмкіндігі шектеулі жан банктен алған несиесін толық өтегенімен, банк әкімшілігі кепілде тұрған үйдің құжаттарын қайтаруға асықпаған.

"Сонымен қатар, арызданушы жеке сот орындаушыларының шотына қойған барлық шектеуді алып тастауды да сұрады. Өтінішпен танысқан өкіл Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Жамбыл облысының Әділет департаментіне мән-жайларды тексеру үшін хат жіберді. Нәтижесінде банк үйге құқық белгілейтін барлық құжатты қайтарып, жеке сот орындаушылары қойған шектеу алып тасталды", - делінген хабарламада. 

 

Фото: kwork

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу