Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңаөзенде газ жарылып бір адам қаза тапты

Сұқбат
Жаңаөзенде газ жарылып бір адам қаза тапты

Он екі пәтерлі үйде болған төтенше жағдай кезінде іште адамдар болған.

Төтенше оқиғадан ғимараттың 150 шаршы метр кіреберісі қирап, Жаңаөзен қалалық ауруханасына газдан зардап шеккен 13 адам жеткізілді.

«Жарылыстан 1994 жылы туған бір адам қаза тапты. Қазір жағдайы ауыр күйдегі екі адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірінің денесін 80, екіншісін 50 пайызын көлемінде күйік шалғаны анықталды. Тағы үш адам травматология бөлімінде. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Олардың барлығы амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Қалған адамдардың жағдайы тұрақты», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының өкілдері. 

Жарылыстан өрт жағдайы тіркелмегені айтылды. Қазір екі қабатты нысанның орнында  құлаған үйіндінің арасын аршу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің елуден астам құтқарушысы жұмылдырылған.

Маңғыстау облысында мұндай ірі көлемдегі газ жарылысы осыдан екі жыл бұрын тіркелген еді. Ақтаудағы тамақтану орнында кешкі уақытта екі газ балоны жарылып, ғимарат тұтас үйіндіге айналған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу