Ұрланған 87 миллион теңге банкке қайтарылды

  • 11.12.2020
  • Malim Админ

Қостанай облысының полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде өңірде орын алған резонанстық қылмыстарды ашу және тергеу барысы туралы айтып берді, – деп хабарлады Polisia.kz.

Соның бірі – өткен жылы өңірде орын алған банк қызметкерінің қылмысы. Ведомство басшысы істің мән-жайын еске салды. Оқиға 2019 жылғы 11 қарашада Жітіқара қаласында орын алған. Банк қызметкері өзінің жеке шотына 87 миллион теңгеден астам қаржы аударып, бірден ел аумағынан қашып кеткен. Ол 2019 жылдың қараша айында Челябинск қаласында ұсталған. Қазіргі уақытта бұл қылмыс бойынша тергеу аяқталуға жақын және қылмыстық іс таяу күндері сотқа жіберіледі. Сосын процеске қатысушылар іс материалдарымен танысады. Бекет Аймағамбетов негізгі тергеу әрекеттерінің Ресей Федерациясының аумағында пандемия кезінде жүргізілгенін хабарлады. Ол үшін Қазақстан Премьер-Министрінің кабинеті арқылы Ресейдің құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жолданған және Ресей құқық қорғау органдары тарапынан толық қолдау көрсетілген. Бұл қылмыстық іс материалдарына тіркелген заттай айғақтарды алуға мүмкіндік берді. Ұрланған ақша банкке қайтарылды.

Байланысты жаналықтар

Төрт айда мүмкіндігі шектеулі 200 азамат жұмыспен қамтылған

26.04.2021

Балық – браконьерлердің жемі

22.11.2020

Шенеуніктердің автокөліктері қысқартуға ұшырайды

26.01.2021

Дидье Дешам: Қазақстанның қақпашысы ерекше көзге түсті

28.03.2021

"Африка кедейлері" Мәмин үкіметіне не істеп қойды?

15.06.2021

Бекшин айтқан болжам орындалды

01.06.2021