Қазаққа жерді Ресей сыйға беріпті....

Руслан ЕРБОТА

  • 12.12.2020

Қазақстан территориясы  – Ресейдің берген  сыйлығы.  Ресей мемлекеттік «Первый канал» телеарнасында дума депутаты Вячислав Никонов осылай деп салды. Никонов қатардағы көп депутаттың бірі емес. Ресей Федерациясы мемлекеттің думасының  білім және ғылым комитетінің төрағасы.  Ресей білімі мен ғылымына қарап отырған Никонов «Большая игра» бағдарламасында  «Қазақстан деген болған емес, Солтүстік Қазақстанда адам тұрған емес. Олар [қазақтар] болды әйтеуір, бірақ, оңтүстікке қарай өмір сүрді. Яғни, айналып келгенде, Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы. Орталықазия елдерінде де осындай жағдайаттар бар»,- депті.

Никонов мұнысымен қоймай бүйтіп бөсіпті.

«Белоруссияны басып алғаны менің тегі есімде жоқ. Поляктардан бірдеңені басып алған жағдайлар болды. Иә, иә, Шығыс Украинаны басып алдық, Түркиядан тартып алып. Мұны қазір неге "басып алды" деп жүргендерін тегі түсінбеймін. Грузияны да басып алған ешкім жоқ, олар тап Армения сияқты түркітердің қысымынан қашып келді».

Енді, осы сөзді кім және қайда айтты дегенге қайта тоқталсақ. Вячислав Никонов Ресей Федерациясы мемлекеттің думасының  білім және ғылым комитетінің төрағасы! Кремль мен Ақорда тең дәрежедегі әріптес, көрші, мүдделес елдерміз деп келеді. Сол достық пен қарым-қатынасты хаттап, құжаттап, бекітіп отыратын ресми орын Думаның анау-мынау емес комитет төрағасы араға жік салатын, саяси араздық тудыратын осындай пікір айтып жатқаны қалай?

Екіншіден, пікір Ресей мемлекеттік «Первый канал» телеарнасының мінберінде айтылды. Демек, бұл Қырымның шаруасын шешіп тастаған Кремельдің ендігі жаңа саясаты, жаңа жерін іздеу бастамасы деген сөз бе? «Первый канал» телеарнасының таралуы бүкіл Қазақстанды басып тұрғаны белгілі. Яғни, ондағы әрбір сөз ел ішін ала тайдай бүлдірері анық.

Ал біздің Сыртқы істер министрлігі мен мемлекеттік БАҚ-та күштері тасып тұрған Парламент неге ай қарап отыр?

Никоновтың мәлімедемесіне қатысты әзірге әлеуметтік желіде бірлі-екілі белсенді ғана үн қатқандай болды. Ал ресми орындар үнсіз. Оларды да бір жағынан түсінуге болатындай. Өйткені, "қазақта бұрын соңды шекара болмаған" деген сөзді ең бірінші айтқан Ресей басшысы В.Путин емес.

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді