Ресей дипломатына нота табысталды

Руслан ЕРБОТА

  • 12.12.2020

Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровтың шақырылғаны хабарланды.

"Кездесу барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы «Қазақстанның территориясы - Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деген сөзіне қатысты түсініспеушілік білдірді. Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні атап өтілді" делінген СІМ таратқан мәлімдемеде.

Енді сенімді өкіл А.Комаров Кремельмен хабарласып, Ресейдің нақты жауабын айтуы керек. Біздің СІМ Ресей тарапының осындай мәлімдемелерге тиісті баға беруін күтуде және Ресей Федерациясының мемлекет қайраткерлерінен мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырған. Сондай-ақ, Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.

Бұл дау қайдан шықты? Кеше Ресей мемлекеттік «Первый канал» телеарнасында дума депутаты Вячислав Никонов "Қазақстан территориясы  – Ресейдің берген  сыйлығы" деген болатын.  Ол «Большая игра» бағдарламасында  «Қазақстан деген болған емес, Солтүстік Қазақстанда адам тұрған емес. Олар [қазақтар] болды әйтеуір, бірақ, оңтүстікке қарай өмір сүрді. Яғни, айналып келгенде, Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы. Орталықазия елдерінде де осындай жағдайаттар бар»,- деген еді. Оның бұл сөзі ел азаматтарының ашу ызасын туғызды.  Қазақстан СІМ-нің Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілін шақырып, нота табыстауының бар себебі осы.

Оқи отырыңыз: Қазаққа жерді Ресей сыйға беріпті

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді