Қазаққа «жер сыйлаған» Ресей депутаты түсініктеме берді

Malim Админ

  • 12.12.2020

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровты  дереу шақырып алып,  нота табыстаған соң,  “Қазақстан территориясы  – Ресейдің берген  сыйлығы” деп Ресей мемлекеттік «Первый канал» телеарнасында  сайраған дума депутаты Вячислав Никонов Telegram парақшасында түсініктеме бергендей болды.

«Полагаю, что интересы Казахстана были в полной мере соблюдены при определении границ Казахской ССР, ставших границами Республики Казахстан. Именно об этом я и сказал в передаче "Большая игра"» депті жазбасында депутат.

Яғни, мұның алдында эфирден айтқан сөзінен бас тартып та тұрған жоқ. Онда ол былай деген еді:

«Қазақстан деген болған емес, Солтүстік Қазақстанда адам тұрған емес. Олар [қазақтар] болды әйтеуір, бірақ, оңтүстікке қарай өмір сүрді. Яғни, айналып келгенде, Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы. Орталықазия елдерінде де осындай жағдайаттар бар».

Көріп отырсыздар, екі сөзі бірін бірі толықтыра түспесе, бірін бірі терістемейді. Оның үстіне кешірім сұраймын деген ниет те жоқ. «Пользуюсь случаем, чтобы еще раз выразить самые теплые чувства в адрес братского народа Казахстана» деп қана қайырады.

Дипломаттар бұл даудың кілтін табар. Бірақ, ол іс жеткіліксіз. Бұл мәселеге біз сыртқы емес, ішкі саясат деп қарауымыз керек. Мәселен, "Большая игра" бағдарламасында «Қазақстанға жерді Ресейге сыйға берген» деп жатқан сәтте оның жүргізушісі В.Познер миығынан күліп тұрды. Араша түспеді. Терістемеді. «Сонда қалай?» деп айтпады. Ал осы Познер сан жылдан бері Нұр-Сұлтанда өткен медиа-құрылтайлардың төрінен түспеді. Мұны бір деп қойыңыз. Екінші мәселе, ұлт араздық тудыратын сөз анау-мынау емес, Ресей мемлекеттік «Первый канал» телеарнасында айтылды. Бұл не сонда? Қырымды басып алған Кремельдің ендігі жаңа саясатының бағыты ма? «Первый канал» телеарнасы бүкіл Қазақстанда таратылады. Арандатушылыққа ашық жол ашып отырған мұндай каналдың таралуын тоқтататын кез келді.

Оқи отырыңыз: Қазаққа жерді Ресей сыйға беріпті

 

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

21.11.2024

APEC көшбасшылары еркін сауда жүйесін сақтауға келісті

21.11.2024

Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесті

21.11.2024

Тоқаевты Мажарстан сән-салтанатпен қарсы алды

20.11.2024

Мәжіліс орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымға қатысты құжатты қабылдады

20.11.2024

Тоқаев мемлекеттік сапармен Мажарстанға барды

19.11.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды

APEC көшбасшылары еркін сауда жүйесін сақтауға келісті

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) – Тынық мұхиты жағалауындағы 21 елдің халықаралық ұйымы, ол әлемдік экономиканың 60%-ын құрайды және өңірлік экономикалық, ынтымақтастық, сауда және инвестицияларды бөліседі.

Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесті

Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.

Тоқаевты Мажарстан сән-салтанатпен қарсы алды

Мәжіліс орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымға қатысты құжатты қабылдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

Тоқаев мемлекеттік сапармен Мажарстанға барды