Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және қаржылық тәртіп мәселелері

  • 06.02.2020
  • Malim Админ

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ережелері күшейіп келеді. Күшейтпеске де амал жоқ. Заң қатал болған жерде ғана тәртіп болмақ. Бірақ заңды өз жағына бұрып, жаңбыр-жаңбырдың арасымен құрғақ шығатындар да табылады.

Сондықтан Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде жауапты хатшы С. Нұрлыбайдың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелер, комитеттер, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қаржылық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткен болатын.

Жауапты хатшы ең бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды қатаң сақтау керегін айтты. Ең әуелі жиналғандардың назарына бірінші басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, қаржылық тәртіпті сақтау және қатаң түрде қадағалануына назар аударып, сеніп тапсырылған учаскелердегі қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Дұрыс-ақ. Өйткені белгілі бір саладағы жемқорлыққа ең алдымен бірінші басшылар жауапты.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органдарымен және «Нұр Отан» партиясының филиалдарымен жүйелі түрде өзара жұмыстарды күшейту керегтігін айтты. Еліміздегі әр орган сыбайлас жемқорлыққа мүдделі болмауы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда еліміздегі органдар мен ұйымдардың ынтымақта жұмыс істегені абзал.

Сонымен бірге, «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасы аясында Комитеттердің барлық аумақтық бөлімшелерінде көшпелі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.Республикамыздың әр тарапын аралап шыққан көшпелі іс-шаралар біраз игі іске мұрындық, көп арам іске балта боп тиеріне сенім мол. Заң диктатурасы, әсіресе, осы қаржы саласына керек. Өйткені ақша жүрген жерде жең ұшымен жалғасу болады.

Сондай-ақ жиында заң қызметі және қаржы департаменттері басшыларының 2019 жылдың қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды. Қаржы департамент басшыларының айтуынша, еліміздегі қаржылық бақылау қатаң істеп тұр. Айтқанға оңай, сенуге қиын сөзді тиісті агенттік өз бақылауында ұстайды.

Байланысты жаналықтар

Жемқорлық халықтың ақшасын ғана жемейді

10.11.2020

"СҚ-Фармация" басшысы Собчакпен қай тойда болды?

07.08.2020

Қоғамдық кеңес жемқорлықпен күреске қарқын бермек

05.02.2020

Іле ауданында қоныс той

30.11.2020

Дәрігер болжамы: Қарашада коронавирус өршиді

21.08.2020

Қазақстан канализация жөндеу үшін 328,3 млрд теңге қарыз алады

27.10.2020