Сыбайлас жемқорлық қашан жойылады?

Malim Админ

  • 13.02.2020

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ басқаратын Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Қазақстан бойынша жемқорлық фактілері жиі тіркелетін мекеме. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.Агенттіктің Превенция департаментінің басшысы Анар ЖАРОВА агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте сыбайлас жемқорлық бойынша көш бастап тұрған салаларды атады.

Министрліктер ішінде ең көп пара алу фактісі тіркелетін орталық – ІІМ болып шықты. Онда бір жыл ішінде 297 жемқорлық фактісі тіркелген. Бұл өзгелердің көрсеткішінен бірнеше есе көп. Мәселен, жаман атымен екінші орында тұрған Қаржы министрлігінен 6 есе көп. Ретімен баяндасақ, Қаржы министрлігі – 49; Қорғаныс – 29; Индустрия және инфрақұрылымдық даму – 20; Ауыл шаруашылығы – 19 жемқорлық тіркелген. Департамен басшысы атап айтқандай, «бұл қылмыстар министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде немесе ведомстволық бағынышты ұйымдарында жасалыпты».

«Құқықтық статистика органдарының мәлімдеуінше, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 1002 адам сотталды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 7%-ға аз. Олардың арасында орталық мемлекеттік органдардың қызметшілері (515), жергілікті атқарушы орган қызметкерлері (261), квазимемлекеттік секторда (37) және өзге де тұлғалар (189) бар», – дейді Жарова.

Сондай-ақ, полициясы жемқор қалалардың тізімін елорда (42) бастап тұр. Одан кейін Алматы (26), Шымкент (23) қалалары мен Жамбыл облысы(19) тұр.Құрылғанына көп бола қоймаған Түркістан облысы жемқор әкімдіктерімен ерекшеленді.

«Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың ең көп саны Түркістанда – 37, Шығыс Қазақстанда – 37, Жамбылда – 30, Ақмолада – 19, Алматы мен Қостанайда – 15, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында – 14», – деді хабарлады Агенттіктің Превенция департаментінің басшысы Анар ЖАРОВА агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Жарованың сөзіне қарағанда жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың көбін білім беру саласының мамандары жасаған. Бұл бойынша бір жылда 54 факт тіркелсе, екінші орында жер қатынастары – 29; ауыл шаруашылығы – 27; сәулет және құрылыс – 25; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 19 факт тіркелген.

Байланысты жаналықтар

Мұхамеджан Тазабекке базына

07.07.2020

Атырау облысы 90 жылдарға шегініп бара ма?

05.06.2020

Шымкент қаласында зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік – медициналық орталығы

20.05.2021

Бас санитар қателігін мойындады, Біртанов ше?

03.09.2020

Ақтөбеде "Nur Otan" жол картасын қабылдады

12.02.2021

Құрбан айтта полиция мал іздемек...

29.07.2020
MalimBlocks
Мұхамеджан Тазабекке базына

Атырау облысы 90 жылдарға шегініп бара ма?

Шымкент қаласында зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік – медициналық орталығы

Бас санитар қателігін мойындады, Біртанов ше?

Ақтөбеде "Nur Otan" жол картасын қабылдады

Құрбан айтта полиция мал іздемек...