Ұлттық телеарнада партия өкілдері теледебатқа шығады

  • 22.12.2020
  • Malim Админ

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы 2020 жылғы 22 желтоқсанда Мәжіліс сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өтеді.
Үміткер партия өкілдері Ұлттық арнаның «Ашық алаң» бағдарламасы аясында тікелей эфирде 1 сағат бойы өз сайлауалды бағдарламаларын қорғап, қарсылас партиялармен ашық дискуссия құрып, сайлаушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап бермек.
Теледебатқа «Қазақстан Халық партиясы» атынан Ғазиз Құлахметов, «Nur Otan» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Дәулеткерей Кәпұлы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының мүшесі Берік Дүйсенбинов, «ADAL» саяси партиясынан Мақсат Толықбай қатысады.
Теледебат 22 желтоқсан, сағат 20:30-да тікелей эфирде өтеді.
Дауыс берушілер тікелей эфирдегі 8 (717) 2 75 71 71, 8 707 697 62 04 (WhatsApp) нөмірлері арқылы сауал жолдай алады.

Байланысты жаналықтар

Британдық басылым: "Қазақмыс" Мәсімовтің отбасын Парижде қыдыртты

10.09.2020

Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды

08.04.2021

Бес министр отставкаға кете ме?

29.01.2021

Жоқ оппозицияны парламентке қайдан таппақ?

06.05.2020

Тоқаев тағы бір кеңесшісін босатты

20.07.2020

"Хабар" тілшілеріне тағы да бронежилет алмақ

02.03.2020