Бірінші жол: қазақ тілін өлтіру керек

Malim Админ

  • 25.12.2020

Арман Әлменбет. Бірінші жол: қазақ тілін өлтіру керек

Қазақ тілінің алдында үш жол тұр. Бірі – өлу, бірі – осылай шала-жансар күйде өмір сүре беру, үшіншісі – сауығып кету.
Анығырақ айтқанда, біздің алдымызда үш жол тұр. Ана тілімізді өлтіру, осылай немқұрайлы қарап өмір сүре беру, мәселені шешу.
Біз дегеніміз кім? Біз – елді басқарып отырған адамдар, ғалымдар, жазушылар, журналистер, мұғалімдер.
Жоғарыдағы үш жолды қарастырып көрейік. Біріншісі – ана тілімізді өлтіру.
ӨЛТІРУ
Суық ақылмен қарасақ, қазіргі Қазақстан үшін қазақ тілі проблема болып отыр. Заңның тілі, технологияның тілі ретінде орыс тілі орнығып алған. Өзін адам сезіну үшін кез келген қазақ орысша білуге міндетті. Орысша білмейтіндер, өз ортасында қамалып, олардың көптігінен қорқып, енді орыс тілділер де өз ішінде тұйықталып, нәтижесінде қоғам үнсіз түрде екіге бөлініп отыр.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғаны үшін ғана, сол заңның шеңберінен шықпау үшін ғана жыл сайын қаншама қаражат жұмсалады. Яғни, бүкіл ресми сөздер екі тілде жазылады, көшедегі нұсқаулықтар, хабарламалар, ақпараттар... Әр жұмысты істеген сайын оны екі жұмыс секілді етіп орындау керек. Елді басқарып отырған адамдар үшін орыс тілі жеткілікті, ал қазақ тілін амалдың жоғынан ғана қолданады.
Қайталап айтайық, қазақ тілі – мемлекетімізді басқарып отырған адамдардың басым бөлігі үшін керек емес. Әкелерінің арқасында қызметке келіп, көріне бастаған балаларына қараңыздар, біреуі қазақша біле ме екен?
Енді бұл тіл зиялыларға керек шығар? Жоқ, керегі жоқ. Қазақ тілінің ғаламат мүмкіндіктерін білген, сөздің ұстасы деген жазушылардың балалары (бүкілінің емес, бірақ денінің) бір ауыз қазақша сөз айта алмайды. Тіл білмейді демей-ақ қояйық, бір ауыз сөз айта алмайды.
Негізі, осы тұста, Ермек Тайшыбеков сияқты адамдарға құрметпен қарауға мәжбүр боламыз. Олар қазақ тілі керек жоқ деп ашық айтады. Ал біз құрметтеп жүрген адамдар қазақ тілін жұрт көзі үшін керек қылғансиды да, шын мәнінде болашағын қазақ тілімен байланыстырмайды. Болашақта қазақ тілі болады дегенге күмәнмен қарайды. Тіпті қазақ тілі құритынына сеніммен қарайтын секілді. Әйтпесе, отбасында қазақша сөйлер еді.
Мінекей, осы тұрғыдан алғанда қазақ тілін өлтіріп, біржола орыс несесе ағылшын тіліне көшіп кетуге біздің жап-жақсы дайындығымыз бар.
Онда біз экономикалық жағынан көп ұтар едік, әрине. Оқулықтарымыз бір тілде болар еді. Ресей оқулықтарының мысалдарын өзгертіп, баса берер едік. Ағылшын тіліне көшсек, таңдау тіпті көбейеді. Ақпарат та халыққа тез жетер еді. Мемлекеттік мекемелер қазақшаға аударатын мамандардан құтылып, ол құжаттарды аударуға жұмсайтын уақытын да үнемдеп, бір жырғап қалар еді. Айта берсек, мысал көп.
Бірақ бұл өмірі "орындалмайтын арман" екенін бәріміз білеміз. Тіпті, Тайшыбековтың өзі оны анық біледі. Тәуелсіздігін бір алып алған ел, отыз жылдың ішінде отарсыздану бағытында дүниені төңкеріп жұмыс істеп тастамаса да, біршама тарихына үңіліп, санасы жаңғырып, дәстүрлерін тірілтіп, кезінде көрген қиянатын сезініп үлгерген ел енді ондайға көне ме? Көнбейді. Қазақшадан басқа тіл білмейтін қалың ел пайда болды, қырып тастайсың ба?
Қазақ тілін енді өлтірейік десек те, өлтіре алмаймыз. Бұл - факт.
(Жалғасы бар)
Байланысты жаналықтар

Қазақстан халықаралық орыс тілі ұйымына 131 млн теңге бөледі

21.11.2024

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

20.11.2024

Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады

15.11.2024

Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері ауысты

15.11.2024

Танымал әнші әйелінің қазақша сөйлегісі келмейтінін айтты

11.11.2024

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

08.11.2024
MalimBlocks
Қазақстан халықаралық орыс тілі ұйымына 131 млн теңге бөледі

Ұйымның штаб-пәтері Сочиде болады.

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

2022 жылдың қазан айында Тоқаев ТМД қамқорлығымен орыс тілін қолдау және ілгерілету ұйымын құруды ұсынған

Қазақстанда жылқы шаруашылығы институты құрылады

Тоқаев Қостанай жылқысы жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрғанын айтты

Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері ауысты

Словакия, Мексика, Родос және Мальта елдеріндегі жауапты тұлғалар арасында ауыс-түйіс болды

Танымал әнші әйелінің қазақша сөйлегісі келмейтінін айтты

Бүркіт 14 жылдан бері әйеліне қазақша үйрете алмай жүргенін жасырмады

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

Банк 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 млрд долларға жуық жобаларды қаржыландырды