Созақтың сенімі "Nur Otan" партиясында

  • 08.01.2021
  • Malim Админ

Бүгін Құмкент ауылының тұрғыны,  дәстүрлі әнші, ұстаз, Ә.Қашаубаев атындағы байқаудың лауреаты, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдығына арналған медалінің, Қазақстан Республикасы президентінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасының иегері, аудан, облыс, республика көлемінде шәкірттері жүлделі  орындар алып жүрген  Кенжебай Шал ағамыздың шаңырағында Созақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Таңсық Бимырзаева болып, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаның басты мақсаты: халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау екенін атап өтті.

«2021 жылы 10 қаңтарда барлық деңгейдегі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауында дұрыс таңдау жасауды ұсынды. Бұл сайлау ел үшін қиын кезеңде өтіп жатыр. Бірақ, біз барлық сынақты бірге еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» деді  Таңсық Бимырзаева.

Ал Созақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Базарбай Нұрланұлы Жеткеншек елді мекенінде болып, сайлаушылармен жүздесті.

«Бүгінде партияның ұсынып отырған “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” атты бағдарламасы - нақты іс-қимыл жоспары. Халық даналығы былай дейді: “Мақсат - жетістіктің желкені”.  Тек дұрыс қойылған мақсаттар табысқа жетелейді» деді Базарбай Нұрланұлы.

"Nur Otan" партиясыны бағдарламасындағы жеті нақты  қадамымен  таныстырған ол кәсіп иелеріне "Nur Otan" партиясының кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мол мункіншіліктерін пайдалануға, алдағы болатын сайлауда  " Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

"Nur Otan" партиясының Түркістан облысы Созақ ауданы сайлау қоры қаражатынан төленді

Байланысты жаналықтар

Stop Nazarbayev system: Алматыда белсенділер «Нұр Отанға» барды

05.03.2020

Мұрат Әуезов: Халық қарсы шықса – бас киімнен емес, бастан айырыласыңдар

12.06.2020

Бес министр отставкаға кете ме?

29.01.2021

Макс Боқаев ақпанда бостандыққа шығады

28.09.2020

Зеленскийдің жақтастары Саакашвилиден қорқады

25.04.2020

Сәтбаевтағы жанжал бойынша үкім оқылды

14.05.2021