Ағаділдің жаназасына шыққан белсенділерді полиция ұстап жатыр

  • 26.02.2020
  • Malim Админ

Тергеу изоляторында қайтыс болған азаматтық белсенді Дулат АҒАДІЛДІҢ ертең, 27 ақпан күні бас қаланың маңындағы Талапкер ауылында өтетін жаназасына  аймақтардан шыққан белсенділерді полиция ұстап жатыр.

Бүгін кешке Қарағандыдан бас қалаға шыққан белсенділерді полиция тоқтатып, қалалық полиция бөлімшесіне жеткізген. Бұл туралы қарағандылық белсенді Айсұлтан ЖАҚЫПОВ malim.kz тілшісіне хабарлады.

"Қарағандыдан бес белсенді болып Бақытжан Жансейіттің көлігімен Нұр-Сұлтанға шықтық. Қарағандыдан шыға бергенде полиция тоқтатып, "көлікке ориентировка келіп түсті" деді.  Бақытжан Жансейіт "Демпартияның" өкілі. 22 ақпан күні партияның съезіне осы көлігімен шықпақ болғанда да полиция жолдан тоқтатып, "сіздің үстіңізден арыз түсті, біреуді ұрып, жеңіл жарақат салыпсыз" деп қаладан шығармай қойған. Бүгін де осы мәселе бойынша тоқтатып тұр. Бүгін түске дейін белсенділермен жолға шығу мәселесін талқылау үшін жиналдық. Содан шығып, тарқаған соң Бақытжан Жансейітті полиция ұстап, бөлімшеге алып кетті. Оны естіп, полиция бөлімшесіне бардым. Үш сағат ұстаған соң жібере салды. Енді міне, бәріміз жиналып, Қарағандыдан шыға бергеніміз сол еді, екінші мәрте ұстап, Қарағанды қаласының оңтүстік-шығыс полиция бөлімшесіне апара жатыр", - деді Айсұлтан Жақыпов.

А.Жақыпов мұны белсенді Дулат Ағаділдің жаназына жібермеудің әрекеті дейді. "Біз заң бұзған жоқпыз. Ешкімге ешқандай қысастық жасаған жоқпыз. Қазір басқа жағдай болып жатса, Бақытжан Жансейітсіз өзіміз жолға шығамыз. Біз бірге шығып кетуді қалаймыз. Оны жалғыз тастағымыз келмегендіктен, қалаға бірге қайттық", - деді А.ЖАҚЫПОВ.

Семейде жерлеу рәсіміне бармақ болған екі белсенді - Кенжебек Сұлтанбеков пен Ерлан Кеңешбаевты ақпанның 25-і күні полиция темір жол стансасында ұстады. Полиция Өскемен, Шымкенттен бас қалаға жаназаға бармақ болған бірнеше белсендіні де ұстаған.

Сурет Марат Тұрымбетовтің Facebook парақшасынан алынды

Байланысты жаналықтар

Макс Боқаев ақпанда бостандыққа шығады

28.09.2020

Төлесованың үстінен арыз жазған полицей сотта жауап берді

05.08.2020

Алты полицей сотқа берген Төлесова бостандыққа шықты

12.08.2020

Дариға Назарбаева Лондондағы сарайын сотта ақтап алды

09.04.2020

Б.Байбек: Тарихта қазаққа ешкім ешқашан жер сыйлаған жоқ

19.12.2020

Мәдениет министрі орынбасарының не үшін ұсталғаны айтылды

26.02.2021