457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қарағандыда екі жұмысшы кәріз құдығына түсіп қаза тапты

29 жастағы және 46 жастағы «Қарағанды Су» ЖШС-нің екі қызметкері кәріз коллекторына қызмет көрсету үшін түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, олар улы газдан, нақтырақ айтқанда, сутек сульфидінен уланған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұмысшылардың денесін әріптестері газтұмылдырық киіп алып шыққан.

Кәсіпорын қызметкерлердің қаза тапқанын растады және ішкі қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Полиция департаменті еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеп, сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындады.
Фото: pixabay.com