Алматы тауларында жоғалып кеткен тағы бір жігіт қаза тапты

27 шілде күні із-түзсіз жоғалып кеткен Алан есімді жігіттің мерт болғаны белгілі болды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Диана Айдархан мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұған дейін ол желіде Аланның жоғалғанын айтып, халықтан көмек сұраған еді.
Марқұм екі күн бұрын таңертең Жастар шыңына серуендеуге кеткен. Алайда белгіленген уақытта үйіне қайта оралмаған. Осыдан кейін жедел-іздестіру жұмыстары басталған.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті арнайы іздеу-құтқару штабы құрылғанын хабарлады. Шараға кинологтар, дрондар және құтқарушылар жұмылдырылған. Кейіннен іздеуге «Медеу» құтқару бекетінен Республикалық жедел-құтқару жасағы (РОСО) мен «Тұйық-Су» бақылау-құтқару пунктінің мамандары қосылды.
Қазіргі таңда оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: әлеуметтік желі

Ең көп оқылған
