457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақтарды қорлаған қарағандылық кәсіпкер қамалды

Қарағандыда қазақтарды қорлаған Алика Мұхамадиева тергеу амалдары жүріп жатқан уақытта қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында әлеуметтік желі қолданушысының ұлттық араздықты қоздыру фактісін анықтады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында 22 жастағы қарағандылық тұрғын Threads әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздық белгілері бар жарияланым орналастырғаны анықталды. Тергеу органдары күдіктінің елден кетпек болған ниеті туралы мәлімет алған соң, оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш берілді. 22 шілде күні Қарағанды тергеу соты бұл өтінішті қанағаттандырды. Тергеу кезеңінде екі ай мерзімге қамауда ұстау санкцияланды», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі сейсенбі күні.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», – деп толықтырды полиция қызметкерлері.

Айта кетейік, Алика Мұхамадиева – Қарағандының кәсіпкері, жүк жеткізу және киім дүкені бизнесімен айналысады. Ол Threads әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздықты қоздырды деп бағаланған даулы пікірлер жариялағаннан кейін көпшілікке танымал болды.

Оның сөздері Қазақстан қоғамының қатты наразылығын туғызды. Соның нәтижесінде ол кешірім сұрап видео түсіргенімен, бұл қоғам наразылығын тоқтатқан жоқ және оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Фото: видеодан скрин