Алматыда белсенділер Ағаділмен қоштасты

  • 28.02.2020
  • Malim Админ

Бүгін Алматыда азаматтық белсенділер тергеу изоляторында қайтыс болған Дулат Ағаділдің рухына құран бағыштап, қаралы жиын өткіді. Республика алаңындағы Тәуелсіз монументі жанында өткен жиынға жүзге жуық белсенді қатысты.

Қаралы жиында сөйлеген саясаткер Жасарал ҚУАНЫШӘЛИН Дулат Ағаділ батыр атағына лайық екенін жеткізді. "Халық Дулат Ағаділге онсыз да батыр атағын береді. Ол Қазақстанның жаңа тарихында өзінің айрықша ерлігімен, батырлығымен, батылдығымен, қайсарлығымен көзге түскен азамат. Неше рет қамады, неше рет соңына түсті, ешқайсысында тоқтата алмады. Билік оны басқа жолмен тоқтата алмайтынына көзі жетті", - деді Ж.Қуанышәлин.

Қаралы жиынды полицейлер бақылап жүрді, бірақ ешкімді ұстамады.

"Белсендіні өлтірді. Өз елінің патриоты, жақсы адамды өлтірді. Ол күрескер еді. Билік бір-бірден өлтіріп жатыр. Қараңызшы, енді полицейлер бізді қоршап тұр. Бұл қаралы митинг қой, бізді бақылап қайтеді?" - деді жиынға келген әйелдердің бірі.

Қаралы жиын Атырау, Тараз, Шымкент  және Ақтөбе қалаларында да өтті.

Байланысты жаналықтар

Билік Жәкішевті босатты

19.03.2020

Саясаттанушы: Праймеризде асығыстыққа салынбаған жөн

24.08.2020

Трамп президенттігі бүлікпен аяқталды

07.01.2021

Нұрбақ Рүстемов «Нұр-Сұлтан» саябағын ашты

01.07.2020

Америкалық арман: Қаржы министрлігі халыққа ақша таратуды ұсынды

19.03.2020

Абаев Әшімбаевтың орнына келді

04.05.2020