"Баламды көріп өлсем арманым жоқ": Алматыда тағы да наразылық акциясы өтті

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 09.02.2021

Алматыдағы Қытай консулдығы алдында тағы да наразылық акциясы өтті.

Бүгін Алматыдағы Қытай консулдығы алдында бір топ адам Қытайда қамауда отырған туыстарын босатуды талап етіп, қарсылық акциясын өткізді.  Наразылар «Қытай геноцид саясатыңды тоқтат!», «Туыстарымызды босат!», "Қытай аналарымызды жылатпа" деп ұрандатты.

Қытайда 10 жылға сотталған інісіне араша іздеп келген Байболат Күнболатұлының сөзінше, бауырын Қытай үкіметі жала жауып соттаған. Оның лагерьде отырғанына бүгін 1057 күн болған.

«Менің інім Баймұрат Наурызбекұлын 2018 жылдың наурыз айында Іле қазақ автономиялық облысында полицияның көмекшісі болып жұмыс істеп жүрген жерінен  еш жазықсыз лагерьге апарып қамады. Бір жарым жыл қамауда отырған жерінен оны он жылға соттады. Бүгін інімнің Қытай конслагерінде отырғанына 1057 күн болды. Мен бүгінге дейін құзырлы органдарға, сыртқы істер министрлігіне, елбасына, президентімізге, АҚШ-қа, дүниежүзілік адам құқықтарын қорғау ұйымдарына арыз жаздым. Өкінішке орай, бүгінге дейін нақты жауап жоқ», - деді Байболат Күнболатұлы

Күнболатұлының сөзінше, інісі Баймұрат Наурызбайұлы Қазақстанға 2011 жылы келіп, 2012 жылы университетке оқуға түскен. Кейіннен Қытайға барып, қайтып оралмаған.

Наразылар арасында 74 жастағы Сарқытхан Қызырбайқызы да болды. Ол Қытай билігі ұлының төлқұатын тартып алғанын, соның салдарынан перзентінің бергі бетке өте алмай отырғанын айтты.

«Ұлымды көрмегеніме төрт жыл болды. Толқұжатын беріп, жіберсе екен деп отырмын. Баламды көріп өлсем арманым жоқ», - дейді кейуана.

Әкімдік өкілі жиынның заңсыз екенін ескертіп, наразыларды тарауға шақырды. Бірақ жиналғандар қарсылық акциясын одан ары жалғастырды. Конулдық қызметкері шығып, күзетшілерге нұсқау бергеннен кейін, олар наразылар мен БАҚ өкілдерін ғимарат жанынан ығыстыра бастады.

Оқи отырыңыз: Қытай консулдығы алдындаға пикет: “Күйеуімді Қазақстан тыңшысы деп 13 жылға соттады”

Қытай консулдығы алдында кеше де қарсылық акциясы өткен. Ол кезде де бірнеше әйел Қытайда қамауда отырған туыстарын босатуды талап еткен және талаптары орындалмайынша күн сайын наразылыққа шыға беретіндерін айтқан.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

20.05.2025

Тоқаев Будапештке жетті

20.05.2025

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

20.05.2025

Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

20.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Тоқаев Будапештке жетті

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

Тоқаев Румыния президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

Абай облысының экс-әкімі Ұранхаев жаңа лауазымға тағайындалды

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады