Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Білім және Ғылым

Мектептегі бағалау жүйесі өзгермек

malim Авторы: malim
02.02.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімін бағалау жүйесін өзгертуі мүмкін. Өзгеріс қабылданып жатса, оқушылардың білімі жүз балдық жүйе бойынша бағаланады.

Бұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринова мәлімдеді. “Жүз балдық жүйе университеттерде қолданылады. Мектептерді осы жүйеге көшіруді қарастырып жатырмыз. Сонда мектеп пен университеттің бағалау жүйесі бір болмақ. Бұрынғыдай “3”, “4”, “5” деген бағалар болмайды. Бірақ бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді алдағы айларда қабылдайтын боламыз. Педагогтар мен ата-аналарға қандай шешім қабылдағанымызды оқу жылының аяғына қарай хабарлаймыз”, – деді вице-министр.

Бүгінде мектептер жиынтық бағалау жүйесі – ТЖБ және БЖБ-ға өткені белгілі. Ол жүйе бойынша ұстаздар жұмыстарды пайыздық көрсеткішпен бағалап, артынша пайызды дәстүрлі бағаға айналдырып есептейді. Бұл мәселеге араласқан депутаттар да министрліктен бағалау жүйесін тезірек реттеуді сұрады. Айта кететіні, ТЖБ мен БЖБ жүйесі ата-аналардың мен оқушылардың қолайына жаға бермейді.  Өйткені ата-аналар одан балаға көп салмақ түседі деген уәждерін келтірген. Дей тұрғанмен министрлік былтырғы жылдың қашрашасында оған өзгерту енгізіп, ТЖБ мен БЖБ тапсырылатын пәндердің санын азайтты. Мәселен, аптасына бір сағат жүретін пәндер бойынша ТЖБ мен БЖБ жарты жылда бір-ақ рет алынатын болады. Сондай-ақ бастауыш әскери дайындық пен информатика сияқты сабақтардан ТЖБ мен БЖБ орнына басқа бағалау жүйесі ендіріледі. Осы өзгерістердің арқасында балалар мен мұғалімдерге түсетін салмақ айтарлықтай азайды.

Фото: tengrinews.kz

Ұқсас жазбалар

Фото: Берік Уәли/facebook.com

Кекілбаев: Бозжырадағы қонақ үйді қорғау үшін блогерлерге ақша беріпті

Авторы: malim
24.02.2021
0

Танымал қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың немересі Абыл Кекілбаев Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына қонақ үй салу пропагандасына блогерлерге ақша төленгенін анықтады....

Гарри мен Меган Маркл

Дариға-ай, шіркін, мұрагер бола алмай жүрсе, бұлар тақтан қашып жатыр

Авторы: malim
20.02.2021
0

Ұлыбритания королінің ресми резиденциясы Букингем сарайының мәлімдеуінше, енді Британ ханзадасы Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл король отбасының мүшелері ретінде...

Доспамбет жырау өз ұлын неге өлтірді?..

Авторы: malim
15.02.2021
0

Доспамбет жырау өз ұлын неге өлтірді?...  Қазақ  пен Ноғай жыраулық поэзиясын қалыптастырушы тұлғалардың бірі, ер жүрек қолбасшы, дипломат, жырау -...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Көшербаевтың әкесінің аты мектепке берілді

03.11.2020

Астана мен Алматыда ХҚКО-лардың қызметтер саны қысқарады

19.03.2020
Фото: Almaty.tv

Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

23.06.2020
Жанат Ахмади

Белгілі жазушы Жанат Ахмади дүниеден озды

29.06.2020
Фото: primeminister.kz / Бауыржан Жуасбаев

Қордай дауы бойынша сот басталды

03.12.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!