457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абайдың қарасөздері ЮНЕСКО-ның "Әлем жады" бағдарламасына кіруі мүмкін

Мәдениет және ақпарат министрлігі бірқатар қолжазбаны ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасына кіргізу үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл жайында агенттік сауалына орай аталған ведмостводан мәлім етті.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы бойынша жұмыстар жанданды. «Әлем жады» Ұлттық комитетінің жұмыс стратегиясы әзірленді. Ұлттық тізілімге енгізу үшін тізім жасалды, өңірлік және халықаралық тізілімдер үшін іріктеу жүргізілді. Бағдарлама туралы хабардарлықты арттыру және 2025-2027 жылдары «Әлем жады» тізіліміне өтінім беру процесін ынталандыру мақсатында жазбаша ескерткіштердің номинацияларын беру үшін сауалнамаларды толтыру қағидалары бойынша қор ұстаушыларға арналған вебинар өткізілді, - деді Мәдениет министрлігінен.

Министрлік «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының» Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімінде сақталған XVIII ғасырдағы «Хандар шежіресі» бірегей қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының халықаралық тізіліміне енгізілгенін атап өтеді. 

Алдағы кезеңде ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу үшін «Қара сөздер» Абай қолжазбаларында, куфи қолжазбасымен қайта жазылған XII ғасырдағы Құран, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбалары және тағы басқа номинациялар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді ведомстводан.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Үкімет түрлі ұлттың барша адамзатқа ортақ білім қазынасына қосқан зияткерлік үлесін көрсететін «Әлем жады» тізіміне деректі мұраларымызды енгізу жұмысын жандандыру қажеттігін айтқан еді.

Фото: qazaqtimes.com