Ғалымдар мен археологтар мәдени мұраны сақтау шараларын талқылады

Маман тартып, оқу модульдерін дайындау мәселелерін қарастырды

Мәди Саматұлы

  • 30.11.2024

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшелері, сондай-ақ ғалымдар, археологтар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында материалдық емес мәдени және дүниежүзілік мұраны қорғау шараларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспары, сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Конвенцияларымен бекітілген міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті. Министр барлық деңгейде үйлесімді жұмыс қажеттігін және материалдық емес мәдени мұраны анықтау мен дамыту дағдылары бойынша кадрларды даярлау үшін білікті сарапшыларды тартудың маңыздылығын айтты.

Алдымен, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуіміз қажет. Оқыту мазмұнды және пайдалы болуы тиіс. Жедел түрде оқу модульдерін дайындап, өңірлік және орталық деңгейде курстар өткізуге кірісуіміз керек, деді министр.

Қазақстанның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Мұзафаров, Қазақстанның Дүниежүзілік мұрасы жөніндегі комитеттің төрағасы Гүлмира Мұхтарова және ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы бойынша Ұлттық комитетінің төрағасы Ғазиза Нұрғалиева қатысушыларға өз жұмыс жоспарларын ұсынды.

Жоспар аясында жергілікті атқарушы органдардың мамандары мен этномәдени бірлестік өкілдерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ материалдық емес мәдени мұраны зерттеу және насихаттау қарастырылған.

Жиын соңында ұсынылған шараларды енгізу, барлық мүдделі тараптың күш-жігерін үйлестіру және Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау бойынша іс-шаралар кешенін тиімді жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеу мәселелері талқыланды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байланысты жаналықтар

ЮНЕСКО: Қазақстан мұраларын халықаралық деңгейде танымал ету мәселесі көтерілді

16.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

24.04.2025

«Хандар шежіресі» ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді

17.04.2025

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

26.03.2025
MalimBlocks
ЮНЕСКО: Қазақстан мұраларын халықаралық деңгейде танымал ету мәселесі көтерілді

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне балаларымен бірге баратынын айтты

«Хандар шежіресі» ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясына қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді