457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дональд Трамп ЮНЕСКО-дан шығу жайлы шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп ЮНЕСКО-дан шығу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келли мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Президент Трамп ЮНЕСКО-ны АҚШ мүдделеріне сай келмейтін прогрессивті, даулы мәдени және әлеуметтік бастамаларды қолдайтын ұйым деп есептейді. Бұл қарапайым америкалықтар қараша айында дауыс берген парасатты саясатқа мүлде қайшы келеді», - деді Анна Келли.

Айта кетейік, ЮНЕСКО - Біріккен ұлттар ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын арнайы ұйымы. АҚШ бұл ұйымнан бұған дейін де (2017 жылы) шыққан және қайта оралған жағдайлар болған.

Фото: ЕPA