Бірнеше ел Израильді Eurovision-ге қатыстырмауды талап етті

Еуропа хабар таратушылар одағының бас Ассамблеясы (EBU) Лондонда Израильдің осы байқауға қатысуын талқылады деп хабарлайды malim.kz тілшісі Vesty.co.il басылымына сүйеніп.
Израильдің қатысу-қатыспауы туралы мәселе дауысқа салынбаған, тек пікірталас болған. Отырыс қорытындысы бойынша, Израиль байқауға әрі қарай қатыса береді деп ұйғарылды. Талқы бір жарым сағатқа созылған.
Израильге қарсы Исландия мен Словения тараптары мейлінше белсенді болған. Ал Израильді ашық қолдаған Австрия, Германия мен Швейцария болыпты. Егер, Газадағы соғыс қысқа дейін жалғасса, Израильдің бұл байқауға қатысуы екіталай: қарсылар тым көп депті Ассамблеядағы бір дереккөз.
Eurovison - Еуропа хабар таратушылар одағына мүше елдердің арасындағы ән байқауы. 1956 жылдан бері өткізіліп келеді.
Photo: © timesofisrael.com (Fabrice COFFRINI / AFP)


Ең көп оқылған
