Тұрғымбаев: Митингілерде 80 адам ұсталды

Malim Админ

  • 02.03.2020

Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ 1 наурыз күнгі митингілердегі жаппай ұстауларға пікір білдірді. Министр митинг алдындағы жаппай ұстауды "алдын алу үшін жасалған сақтық шаралары" деп түсіндірді.

"Бас прокуратураның ескертулеріне қарамастан, бірқатар азамат Қазақстанда экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялы таңдауы" қозғалысы митинг өтеді деп хабарлаған жерлерде наразылық шараларын ұйымдастырмақ болды. Сондықтан полиция қоғамдық тәртіпті бұудың алдын алды", - деді министр.

"Ішкі істер бөлімдеріне 80 адам жеткізілді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізген соң, барлығы дерлік босатылды. Төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың біреуіне айыппұл салынса, үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Бөлімшелерде үш сағаттан артық ешкімді ұстағанымыз жоқ. Егер кімде-кім үш сағаттан артық отырған болса, өтініш түсірсін, оны қарастырамыз", - деді Тұрғымбаев.

Полиция Алматыда  ұстағандардың арасында журналистер - Ермұрат БАПИ мен Әсел ЖАҢАБАЕВА болды. Саясаткер Жанболат МАМАЙДЫ ұстау әрекетін ұялы телефонына түсіріп тұрған  Адам құқықтары жөніндегі бюро қызметкері, журналист Инга ИМАНБАЙДЫҢ қолындағы телефонын полицейлердің бірі тартып алмақ болғанда, И.Иманбай басын темір қоршауға соққан.

Фото: Асылхан Мамашұлы,  Azattyq.org

Байланысты жаналықтар

Грузия халқы Познерді елден қуып шықты

01.04.2021

Алматы трагедиясы. Билікті кім басып алмақ болды?

11.01.2022

Тұрғымбаев: Полиция митингіде ешкімді азаптамады

11.06.2021

Полиция Мамайдың сағын сындыра алмапты

15.12.2021

Жовтис басқаратын ұйымның қызметі үш айға тоқтатылды

25.01.2021

Әлнұр Ілияшевке сот үкімі шықты

22.06.2020
MalimBlocks
Грузия халқы Познерді елден қуып шықты

Алматы трагедиясы. Билікті кім басып алмақ болды?

Тұрғымбаев: Полиция митингіде ешкімді азаптамады

Полиция Мамайдың сағын сындыра алмапты

Жовтис басқаратын ұйымның қызметі үш айға тоқтатылды

Әлнұр Ілияшевке сот үкімі шықты