Тоқаев Шекара қызметін қайта құрмақ

ҰҚК Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрық жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қайта құруы мүмкін.
Құжат Ашық электронды үкімет сайтында 17 наурызға дейін көпшілік талқылау үшін жарияланды. Құжатта мына мәселелер нақты жазылған.
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын (қызмет бабында пайдалану үшін).
- Шекара қызметінің республикалық мемлекеттік мекемелері осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын (қызмет бабында пайдалану үшін).
- Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін Шекара қызметінің республикалық мемлекеттік мекемелері осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын (қызмет бабында пайдалану үшін).
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҰҚК Шекара қызметі – Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғайтын, күзететін арнайы қызмет. Республика шекарасын бұзатын, оның бүтіндігіне қауіп төндіретін әрекеттерді бақылайды. ҰҚК құрамына кіреді.
Ең көп оқылған
Кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына Астанадан пәтер сыйлады
Политика
|
11.09.2025 22:44
2025-09-11 22:44:00
Берденов сотында тілін шығарған судьяға қатысты шешім шықты
Политика
|
10.09.2025 21:12
2025-09-10 21:12:00
Пәтер жалдау мен сатып алу құны күрт қымбаттады
Политика
|
09.09.2025 20:41
2025-09-09 20:41:00
Парламентте анасын құттықтаған Ардақ Назаров сынның астында қалды
Политика
|
10.09.2025 16:53
2025-09-10 16:53:00
Польша ресейлік пенопласт дрондарды атып түсіру үшін 2 млн тұратын зымырандар пайдаланған
Политика
|
10.09.2025 21:07
2025-09-10 21:07:00
"Аутист балаларды өлтіру керек" деген блогер кешірім сұрады
Политика
|
10.09.2025 19:57
2025-09-10 19:57:00
Әкесін сабаған ұлының әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
Политика
|
12.09.2025 11:55
2025-09-12 11:55:00