«Астана» спорт клубындағы сыбайлас жемқорлық

  • 03.03.2020
  • Malim Админ

Бүгін «Астана» спорт клубының экс-директоры Аманбек Құлшықов қамауға алынды. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте мәлімдеді.

Перовтың айтуынша, бөлінген қаражат шетелдік компаниялармен келісімшарттарға отырып, жалған құжаттарға қол қою арқылы жымқырылған.

«Демеушілер жыл сайын 200 велосипедті тегін беріп отырған. Ол велосипедтердің барлығы халықаралық стандартқа сай болған. 2018 жылы тағы құны 219 мың еуро болатын алты велосипед берілген. Бірақ іс жүзінде бұл велосипедтер қолданылмаған болып шықты, ол қаражаттың барлығы жымқырылған», - деді Сергей Перов.

Бұдан бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстан автоспортын дамытуға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізген. Ведомство мәліметінше, «Дакар-2012» ралли-рейдінің қола жүлдегері Артур Ардавичус бірнеше рет жауап алуға шақыртылған, алайда шетелден келуден бас тартқан.  Өйткені Ардавичус 2 миллиард теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

«Ол халықаралық іздеуде жүр, 2  миллиард теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта жасырынып жүр. Бір айдан аса уақыт бойы байланыста болды. Оны осында шақырдық, алайда ол келуден бас тартты. Ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сондай-ақ, бұл істе одан бөлек басқа да күдіктілер бар. Олар жайлы кейін айтамыз», - деген болатын Сергей Перов.

Енді сол күдіктілер анықталғанға ұқсайды. «Астана» cпорт клубына қатысты қылмыстық іс барысында автомобильдер мен қымбат пәтерлер тәркіленін тағы осы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық Қазына» спортты дамыту мен Қазақстан имиджіне бөлген қаражатты жымқыру ісі бойынша қылмысты істі тергеп жатыр. Тергеу мәліметінше, велоклубтың экс-директоры Аманбек Құлшықов пен оның сыбайластары Astana Pro Team велокомандасы басшысы Ләззат Шәмшиева мен Astana Motorsport басшысы Артур Ардавичуспен дайындаған қылмыстық схема анықталды», - деген еді Перов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында.

Құлшықов пен Шәмшиева Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторына қамалған. Сот бұлтарпау шарасы ретінде оларды екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарған, ал Ардавичусқа халықаралық іздеуде жүр.

Фото: 24.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

08.02.2020

Кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды

23.09.2020

"Тоқаев үстемақыны ұпай жинау үшін айтқан жоқ шығар?"

16.06.2020

Сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті

07.01.2021

Сарайшық қаласы туристік орынға айналуы керек

22.04.2021

Әкім қаладағы жол жөндеу жұмыстарын тексерді

20.04.2021